Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Серік Әбдінұров: «Композиторды ғалыммен теңестіруге болады»

Астанадағы Қазақстан композиторлар одағына Серік Әбдінұров 5 жылдан бері жетекшілік етіп келеді. Ұжым құрамында Төлеген Мұхамеджанов, Жоламан Тұрсынбаев, Серік Еркінбеков, Кеңес Дүйсекеев сынды бірқатар өнер иелері бар. Орта буыннан бөлек, жастар да одаққа мүше.

Қазақстан композиторлар одағы елордадағы барлық мәдениет үйлерімен тығыз байланыста. Өнерпаздар түрлі шараларда белсенді қатысып, қазақ композиторларының шығармаларын насихаттап жүр. «Шалқар шаңырағында сұхбат» бағдарламасында қонақта болған Серік Әбдінұров  композиторды ғалымға теңеді. 
«Композитор деген мен үшін үлкен ұғым. Композиция үлкен ғылым деп айтар едім. Ал, композитор ол ғалыммен теңестіруге де болады.Өйткені, тарихтың барлық қыр-сырын білу үшін терең білім қажет. Мысалы, оркестрге жазу үшін оркестрлерді бір-бірен қосу үшін үндестіру үшін әр аспаптың мүмкіндігін, олардың ойналу тәсілдерін, олардың мүмкіндіктерін барлығын білу керек. Өзінің ойнайтын деңгейлері бар. Ойнайтын бір диапазон, регистр деп айтамыз. Олардың ойнайтын мөлшерлері бар.Сондықтан да, оның барлығының қыр-сырын ғылым сияқты білу керек. Әр аспапты жеке ести білу керек», - дейді ҚР Мәдениет қайраткері Серік Әбдінұров.