Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Шымкентте алаяқтық жасаған нотариус сотталды

Шымкентте алаяқтық жасаған нотариус сотталды

Сот алаяқтық фактісі бойынша нотариусты 4 жыл шектеуге, ал оның сыбайластарын 3 жылға және 3 жыл 9 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру түріндегі үкім шығарды.

Сот талқылауы барысында жеке нотариус «A» жәбірленушілердің сеніміне кіріп, олардың осал жағдайын және қызметтік өкілеттігін өз пайдасына қолданып, несие немесе кепіл шартын жасаудың орнына сатып алу-сату шартын куәландырғаны анықталған.

«Кейіннен ол үшінші тұлғаларға меншік құқығын бекітіп, Шымкент қаласының әділет органдарына тіркеу туралы келісімді заңсыз жіберген. Қылмыстық іс бойынша 9 жәбірленушіге 47 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген», — деп жазды қалалық прокуратурадан.

Бақылаушы орган Шымкент қаласының тұрғындарынан нотариустардың қатысуымен жылжымайтын мүлікке құжаттарды ресімдеу кезінде абай болуды, қажет болған жағдайда заңгерлерден кеңес алуды сұрайды.


Дереккөз: inform.kz