Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Владимир Спиваковтың халықаралық скрипкашылар байқауы Уфада өтеді

Владимир Спиваковтың халықаралық скрипкашылар байқауы Уфада өтеді

 1918 жылы итальяндық шебер Джузеппе Педраццини жасаған бірегей скрипка Владимир Спиваковтың III халықаралық скрипкашылар байқауының жеңімпазына табысталады. Жарыс 22-26 қараша аралығында Уфа қаласында өтпек. Оған 15 пен 26 жас аралығындағы жас орындаушылар қатыса алады. Байқау үш кезеңен тұрмақ. I және II кезеңде қатысушылар жеке бағдарламаларын ұсынады. Ал III турда финалистер XIX-XX ғасырдағы композиторлардың скрипкалық концерттерінің бірін орындайды. Байқау нәтижелері тыңдаудың соңғы күні-25-ші қарашада жарияланады. Айта кетейін, байқауға қатысуға өтінімдер 15-ші қыркүйекке дейін қабылдануда. Қтінімді конкурстың ресми сайтында беруге болады.