Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Сәтқозы Мұхтар әлемге әйгілі Конрад Аденауэр атындағы қордың стипендиясына ие болды

Сәтқозы Мұхтар әлемге әйгілі Конрад Аденауэр атындағы қордың стипендиясына ие болды

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті Сәтқозы Мұхтар әлемге әйгілі Конрад Аденауэр атындағы қордың стипендиясына ие болды. Бұл жыл сайын ең үздік студенттерге берілетін беделді сыйлық. Айтулы стипендия Қазақстан бойынша 850 студенттің арасынан 46-сына ғана бұйырды. «Оркестрлік дирижерлеу» мамандығының 2 курс студенті Сәтқозы Мұхтар аталмыш стипендияға ие болған алғашқы музыкант.

 Конрад Аденауэр атындағы SUR PLACE қоры– өз білімін, күші мен бастамаларын өз елінің саяси және әлеуметтік өміріне арнауға дайын дарынды жастарға қолдау көрсететін халықаралық ұйым. SUR PLACE гранты- ай сайын бес ай көлемдегі мерзімге берілетін өтеусіз ақшалай төлем. Қазақстанның жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын және конкурстық іріктеуден өткен Қазақстан азаматтары Қордың стипендиаттары бола алады.