Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыда өтетін Ballet Globe фестивалінде әлемдік балет жұлдыздары өнер көрсетеді

Алматыда өтетін Ballet Globe фестивалінде әлемдік балет жұлдыздары өнер көрсетеді

Алматыда Ballet Globe IV Халықаралық би фестивалі өтеді. Іс-шара XX ғасырдың ұлы балеринасы Майя Плисецкаяға арналады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Фестиваль 30-шы қазанда Абай атындағы опера және балет теарының сахнасында "Аққу көлі" спектаклімен ашылады. Басты партияда Ресейдің Үлкен театрының жұлдыздары - жетекші солист Алена Ковалева және Ресей Президенті сыйлығының лауреаты (2018) Денис Родькин. Ал 4 және 5 желтоқсанда Ресейдің Халық әртісі, Үлкен театрдың жетекші балеринасы Светлана Захарова Кармен рөлін сомдайды. Ол сахнада Ресейдің Үлкен театрының премьерлері Артемий Беляков пен Михаил Лобухинмен бірге өнер көрсетеді.