Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қазақстандық музыканттар Германияда концерт берді

Қазақстандық музыканттар Германияда концерт берді

Қазақстандық музыканттар Нұрәлі мен Ғаламат Бейсеқожа Германияның Карлсруэ қаласында концерт берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv Олар неміс көрерменіне өз шығармаларын ұсынды. Концертте қазақстандық өнерпаздар Карлсруэ Технологиялық Институті жанындағы Өнер, медиа және ғылымды қолдау қорының арнайы жүлдесімен марапатталды. Ағайындының кішісі пианист, ал үлкені домбырада ойнайды. Шебер музыкант әрі дарынды композиторлардың өнері халықаралық деңгейде бағаланады. Бұл Нұрәлі мен Ғаламаттың шетелдегі алғашқы концерті. Жеке өнер көрсеткен олар дуэтпен де сахнаға шықты. Классикалық пен халық музыкасын шебер үйлестірген өнерпаздарымызды неміс көрермендері жылы қабылдады. Енді ағайындылар Еуропаның ең үлкен сахналарында өнер көрсетіп, Ұлы Дала әуендерін бүкіл әлемге танытуды армандап отыр.