Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

"Бәйтерек" театры көрерменге жаңа жылдық ертегі ұсынады

Сурет: Massaget.kz

Алматының "Бәйтерек" балалар театры көрерменге "Жаңа жылдың құпиясы" атты ертегіні ұсынады. Заманауи музыкалық театрландырылған қойылымда балалардың сүйікті кейіпкерлерінің оқиғасы баяндалады. Ертегінің тұсаукесері 2018 жылы өткен. "Бәйтерек" театрының әртістері алдағы қойылым ерекше сюжетпен, әдемі костюмдермен, жарқын декорациялармен және интерактивті бағдарламамен балалардың көңілінен шығатынына сенімді. "Жаңа жылдың құпиясы" атты ертегіні Алматыдағы Өмірбек Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында 25 және 26 желтоқсанда тамашауға болады.