Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени ынтымақтастыққа арналған төртінші отырыс өтті

Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени ынтымақтастыққа арналған төртінші отырыс өтті

Нұр-Сұлтанда мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Корея бірлескен комиссиясының төртінші отырысы өтті. Тараптар мәдениет және өнер, туризм, кинематография, спорт, музей және мұрағат ісі, сондай-ақ телехабар тарату салаларындағы өзара іс-қимылдың ауқымды мәселелерін талқылады. Елдер арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай 2022 жыл мәдени алмасу жылы болып жарияланған. Осыған орай, 20-26 маусым аралығында Сеулде республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театрының гастрольдері өтеді; 10-14 қазан аралығында Кореяда қазақстандық кино күндері ұйымдастырылады; қыркүйекте «Хассак» этно-фольклорлық ансамблінің гастрольдері, қазан айында музыкант Айман Мұсақожаеваның өнер сапары жоспарланған. Ал Қазақстанда классикалық музыка түнін, корей қолөнерінің көрмесін және тағы басқа мәдени шаралар өткізу жоспарланып отыр.