Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

La Boheme театрында «Баян. Француз шансонынан аргентиналық тангоға дейін» атты кеш өтеді

La Boheme театрында  «Баян. Француз шансонынан аргентиналық тангоға дейін» атты кеш өтеді

Алматының La Boheme театрында  11 маусым күні Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, баяншы Талғат Полатовтың «Баян. Француз шансонынан аргентиналық тангоға дейін» атты кеші өтеді. Концерттік бағдарлама көп жанрлы болмақ – француз вальсі, еуропалық классиктердің шығармалары, танго орындалады. Сондай-ақ сахнада ұлы қазақ даласының композиторларының әуендері шырқалады. Кеш барысында Талғат Полатов баянның шығу тарихы мен бұл аспаптың қарапайым халық ойыншығынан қазіргі академиялық аспапқа дейінгі даму жолы туралы айтып береді.