Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қазақстандық композитор Австрияның Теодор Кернер атындағы премиясының иегері атанды

Қазақстандық композитор Австрияның Теодор Кернер атындағы премиясының иегері атанды

Қазақстандық композитор Сергей Ким Австрияның өнер және ғылым саласындағы беделді сыйлығының иегері атанды. Жерлесіміз байқауға қатысу үшін өзінің 40 минуттық авторлық пьесасын ұсынған деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Композитордың айтуынша,  бұл сыйлық 35 жасқа дейінгі жас музыканттарға арналған. Бір жыл бұрын ұйымдастырушылар анонс жасайды. Басты талаптардың бірі – композитор өзінің дайын шығармасын емес, жазылып жатқан шығармасын ұсынуы тиіс. Ал оны аяқтайтын уақыты дәл сыйлық берілетін кез. Бұл бірінші талап, екіншісі жазылған пьеса  Австрия елінің шығармашылығынан, өнері мен мәдениетінен сыр шертуі керек», - дейді композитор Сергей Ким. Аталған байқау жеңімпаздары әдетте жыл соңында белгілі болады екен. Бірақ коронавирус індетінің өршуінен сыйлықты табыстау рәсімі биылға қалдырылған. Айта кетейік, Теодор Кёрнер атындағы премия талантты әрі жас өнер иелеріне 1954 жылдан бері жыл сайын беріліп келеді.