Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыда балаларға арналған көрнекті мәдениет қайраткерлері туралы кітаптар топтамасы таныстырылады

Алматыда балаларға арналған көрнекті мәдениет қайраткерлері туралы кітаптар топтамасы таныстырылады

12 тамызда Алматы ботаникалық бағының басты сахнасында "Танысыңыз!" атты кітаптар топтамасының тұсаукесері өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, " Танысыңыз!" топтамасы кішкентай оқырмандарды Қазақстанның көрнекті мәдениет қайраткерлерімен таныстыратын балаларға арналған кітаптар сериясы. Кітаптың алғашқы кейіпкері-әнші Батырхан Шөкенов. Кешке келушілер кітапты құрастырудың барысымен танысып, авторы Сима Омарқұловамен және кітаптың қазақ тіліндегі нұсқасының әдеби редакторы Назгүл Қожабекпен әңгімелесе алады. Сондай-ақ, тұсаукесер қонақтары үшін Нұрболсын Төлеуханның жетекшілігімен Ахмет Жұбанов атындағы республикалық мектеп оқушыларынан тұратын juband джаз тобы өнер көрсетеді. Ұжым Батырхан Шүкеновтың жаңадан өңделген әндерін, етене таныс Қазақ әуендері мен джаз шығармаларын орындайды.