Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Мемлекеттік академиялық би театры 55-ші мерейтойлық маусымын  ашады

Мемлекеттік академиялық би театры 55-ші мерейтойлық маусымын  ашады

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры 55-ші мерейтойлық маусымын ашады. Көрермендер 12 қыркүйек күні Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында  Цезарь Пунидің музыкасына жазылған "Гудулла – Эсмеральданың анасы" балетін тамашалай алады. Балет сюжетінің негізіне В.Гюгоның "Париж Құдай Ана соборы" романы алынған. Басты партияларды Айя Мелис, Дияр Акенев, Мәди Қасымов, Алажар Қарабалаев, Дана Жексенбі және Айым Сәдуақасова орындайды. Сондай-ақ  Ж.Бизенің музыкасына жазылған "Кармен-Сюита" балеті көрсетіледі. Хореограф - Болат Аюханов. Сыган қызы Карменнің оқиғасын балеттің жетекші солисі Айнұр Мұқашева, Хозе партиясын балет әртісі Еламан Тиыштықбай орындайды.