Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Aspan Gallery алаңындағы «Үміт шуағы» көрмесі

Aspan Gallery алаңындағы  «Үміт шуағы» көрмесі

Алматыда Aspan Gallery алаңында қазақстандық суретші Гүлнұр Мұқажанованың «Үміт шуағы»  жеке көрмесі ашылады.
Гүлнур Мұқажанова – Берлинде тұратын Қазақстаннан келген жас суретші. Көптеген жылдар бойы ол қолдан жасалған киізбен жұмыс істеп келеді. Түрлі-түсті жүн мен жібектен жасалған киізді қолдана отырып, талантты ару бояулар, текстура және кеңістікті үйлестіретін күрделі композицияларды жасайды.
Аталмыш көрмеде автордың 2023 жылы Гонконгтағы бұрынғы тоқыма фабрикасында, ал бүгінде Mill6CHAT арт-кеңістігінде өткізілген суретші көрмесіне арнайы әзірленген қол киізінен жасалған ең ірі туындысы ұсынылады. Ұзындығы 16 метрден асатын бұл монументті кенеп Қазақстанда алғаш рет көрсетіледі. Aspan Gallery алаңындағы көрме үшін Гүлнұр өзінің 16 метрлік киіз суретінің жалғасын жасап шығарды. Галереяның периметрі бойынша кеңістікті қамтитын жаңа инсталляцияның ұзындығы 41 метрден асады. Айта кетейік көрме 22 кыркүйекке дейін жалғасады.