Алматыда түркі дүниесінің халықаралық поэзия фестивалі өтті
Алматы қаласында түркі әлеміндегі жас ақындардың Халықаралық поэзия фестивалі өтті. Оған Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Түрікменстанның ақындары қатысты. Бұл туралы Халықаралық «Түріксой» ұйымының баспасөз қызметі мәлім етті.
Фестивальдің басты мақсаты – түркі әлемінің бірлігі мен мәдениетін нығайту, жас ақындардың шығармашылық көкжиегін кеңейту. Іс-шара ТҮРКСОЙ ұйымының, Алматы қаласы әкімдігі мен «Тұлға-Достық» қоғамдық қорының қолдауымен өтті.
Фестивальдің ашылуы «Поэзия аллеясында» өтіп, онда ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркі мемлекеттері жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегіманов, Қырғызстан Жазушылар одағының төрағасы Қаныбек Иманалиев, Қазақстанның қоғам қайраткері, «Парасат» және «Достық» ордендерінің иегері Асыл Осман және басқа да зиялы зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, жазушылар мен меценаттар сөз сөйледі.