«Астана Опера» Джакомо Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» операсын ұсынады

«Астана Опера» театрының Үлкен залы сахнасында наурыздың 12 күні елордалық көреремен назарына Джакомо Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» 2 бөлімді операсы ұсынылады.
Бір қызығы 1904 жылдың 17 ақпанында Миланда өткен тұңғыш қойылымында опера сәтсіздікке ұшырап, репертуардан алынып тасталынады. Көрермендер оның мазмұнын түсінбей, екінші бөлімнің ұзақтығына қатты ашуланады.
Пуччини кейбір нөмірлерді қысқартып, екінші бөлімді екіге бөледі. Осындай азғантай өзгерістермен үш айдан кейін қайта қойылған опера көрермендер арасында өте жылы қабылданып, тез арада ең танымал заманауи опералардың біріне айналды.
Айта кетейік, «Астана Опера» симфониялық оркестрін қоюшы дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алан Бөрібаев басқарады.