Самалтау
Самалтау
халық әні
Самалтау, қайран елім, шалқар көлім,
Не болар, солдат болып көрген күнім-ай.
Есіме қайта-қайта түсе бердің,
Кір жуып, кіндік кескен туған жерім-ай.
Қайырмасы:
Атты емеспіз, жаяумыз,
Жаяудан да баяумыз.
Он бес күндей жүргенде,
Омбы жаққа таяумыз.
Әке-шешем бар еді,
Жасы жеткен кәрі еді.
Осынау-ау әнге салдырған,
Он алтының зары еді.
Жасым бар қос мүшелде, жылым сиыр,
Тағдырдың айдауымен кеттім қиыр.
Самалтау, қайран елім, артта қалдың,
Адасқан өрісінен біз бір үйір-ай.
Қайырмасы: