Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

«Қазақстан» телеарнасында «Ұлы дала баласы» атты реалити-шоу басталады

  «Қазақстан» телеарнасында  «Ұлы дала баласы» атты реалити-шоу басталады

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 11 шілдеден бастап, өз көрермендеріне жаңа реалити-шоу ұсынады. «Ұлы дала баласы» атты жобаның басты кейіпкері - әнші Төреғали Төреәлі.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 100 нақты қадам - Ұлт жоспары мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды насихаттау  және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қолға алынған тележобаның түсірілім жұмыстары еліміздің 9 қаласында жүргізіледі.

Олар: Астана, Қарағанды, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Тараз, Қызылорда және Шымкент.

Жобаның тұсаукесері 23 маусымда Қарағанды қаласындағы Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында өтеді.

Әрбір қаладағы кеш тізгінін телеарна жұлдыздары Дана Нұржігіт, Гүлмира Дайрабаева, Ләйлә Сұлтанқызы, Бейсен Құранбек, Нұрлан Қоянбаев, Жансерік Бейсеев, Нұрбигүл Сағындыққызы, Ерке Есмахан және Тәуекел Мүсілім ұстайды. Сондай-ақ, жоба барысында еліміздің танымал  сахна саңлақтары өнер көрсетеді.

Жазғы маусымда ұсынылар ерекше тележоба әрбір қазақстандықты патриотизмге тәрбиелей отырып, ұмытылмас әсер сыйлайды.