Алматыда студенттер «Шалқар» радиосының жұмысымен танысты
ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникациялар кафедрасының профессоры Мәншүк Мұқашева «Халықаралық журналистика» мамандығының 1-курс студенттеріне биыл 60 жылдық мерейтойын атап өтіп отырған «Шалқар» радиосына экскурсия ұйымдастырды.
«Шалқар» радиосының бас редакторы, белгілі журналист, публицист Болатбек Төлепберген студенттерді радионың тарихымен және шығармашылық жоспарларымен таныстырды.
Ол радионың ардагерлері Мина Сейітова мен Әнуарбек Байжанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімеледі.
«Шалқар» радиосының аға редакторы Бақыт Жағыпар мен белгілі журналист Оңғар Құрал радио жұмысын ұйымдастыру, бағдарламалар мен радиохабарларды әзірлеу және оларды эфирге дайындау технологиясы туралы айтып берді.

