«Қылықтым». Мақсат Әндешбаев

Қалқатайым сенің қалауыңа көнсем,
Сыйлағаным емес пе?!
Әр сөзіңе сенсем пәк көңілмен,
Қимағаным емес пе?!
Жағдайыңды біліп, хат жазғаным,
Жұбатқаным емес пе?!
Жеңісіңе күліп шаттанғаным,
Ұнатқаным сен емес пе?!
Қайырмасы:
Қылықтым-ау, қылықтым,
Үлбіреген тұнықсың.
Жанарыңнан сыр ұқтым,
Қылықтым-ау, қылықтым.
Сүйемін деп сені ашық айтсам бәрін,
Батылдығым емес пе?!
Серігің боп қайтсам сынақтардан,
Батырлығым емес пе?!
Қызғанбаймын десем өзгелерден,
Алдағаным емес пе?!
Аяласам асыл арманымдай,
Таңдағаным сен емес пе?»
Қайырмасы:
Қылықтым-ау, қылықтым,
Үлбіреген тұнықсың.
Жанарыңнан сыр ұқтым,
Қылықтым-ау, қылықтым.