Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Бүйрек ауруының себептері неде?

Бүйрек ауруының себептері неде?


Бүйрек қызметінің бұзылуының бірнеше себептері бар. Ең көп тараған екі себеп – диабет және қан қысымының жоғары болуы.

Диабет

Диабеттің екі түрі болады: 1-түрі және 2-түрі. Диабеттің бірінші түрі болған жағдайда, ағзада қан құрамындағы қант мөлшерін реттейтін инсулин жеткіліксіз түрде бөлінеді. Диабеттің екінші түрі болған жағдайда, бөлінетін инсулин тиімсіз түрде пайдаланылады.

Егер диабет тиісті түрде бақыланбайтын болса, қан құрамында қант жинала бастайды. Қан құрамындағы қанттың мөлшері өте жоғары бола бастағанда, бүйрек зақымданады, оның ағзадан тіршілік ету өнімдері мен сұйықтықты шығару қабілеті төмендейді. Диабетті емдеу амалдарының жақсарғандығына қарамастан, диабетке шалдыққан көптеген адамдарда 20-30 жылдан кейін бүйрек ауруының пайда болу қаупі бар.

Жоғары қан қысымы, гипертония

Қан жүретін тамырлар қабырғасындағы қанның қысымы жоғарылаған кезде, күретамырдағы қан қысымы артады. Сонымен қатар бүйректің ұсақ қан тамырларының зақымдануы мүмкін, бұл сүзгілену үрдісінің қалыпты орындалуына кедергі болады. Көп жағдайларда күретамырдағы қан қысымының жоғары болуының себебі белгісіз. Дегенмен, көптеген жағдайларда бұл науқастың жалпы денсаулық жағдайына, ұстанған өмір салты мен тамақтануына байланысты болады.


Бүйрек ауруының көп тараған басқа бір түрі – бүйректің сүзгі қызметін атқаратын жасушаларының қабынуы. Осы кезде зәрдің шығуының нашарлауы, зәрде қанның және ақуыздың болуы, қабақтың күмпеюі (ісінуі), қол мен аяқтың ісінуі мүмкін.

Толығырақ бағдарламаның тұрақты спикері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жасан Зекейұлы айтып береді. Аудионұсқадан тыңдаңыз.