Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Мұғалім: Балалар жазғы демалыста бір мезгіл болса да кітап оқуы керек

Мұғалім: Балалар жазғы демалыста бір мезгіл болса да кітап оқуы керек

«Өнеге» хабарына ҚР білім беру ісінің үздігі, Нұр-Сұлтан қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің шебер ұстазы, тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Жүнісбекова Айгүл Әбдрейімжанқызы Тұңғышбек Нұрсұлтан, Тлеуберген Толғанай есімді дарынды оқушыларымен 2021 жылғы түлектерімен қатысып, сүбелі сұхбат берді.

Домбыраны 4 сыныптан қолға ұстаған Нұрсұлтан Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйін тарса, Толғанай мектепті тәмамдағаннан кейін актриса болуды армандайтынын айтып, мәнелерлеп өлең оқыды.

Сұхбат барысында 2021 оқу жылының «онлайн форматы» жөнінде әңгіме өрбіп, жазғы демалыстағы мектеп ұжымының жұмысы жөнінде, балаларға арналған жазғы лагерь мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен жүзеге асатын, жасөспірімдерге арналған «Жасыл ел» жобасы туралы айтылды.

Бала тәрбиесі қашанда басты назарда болуы керектігін айтқан студия қонағы Айгүл Әбдрейімжанқызы жазғы демалыста бір мезгіл болса да балаларға кітап оқуға кеңес берді.

Қызықты сұхбаттың толық нұсқасын аудиодан тыңдай аласыздар.

Бағдарламаны эфирге дайындап, жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.