Ықылас Дүкенұлының қобызы мұражайға тапсырылды

Бүгінгі «Шалқар шаңырағында» хабары Күйші ЫҚЫЛАС ДҮКЕНҰЛЫНЫҢ биылғы 180 жылдығына арналды.
Ал бағдарламаға Ықылас Дүкенұлының ұрпағы, өнертану ғылымдарының кандидаты, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Атырау облысындағы Күйшілер одағының жетекшісі Ақнар Тәттібайқызы қатысып, ұлы күйшінің 180 жылдық мерейтойына орайғы шаралар туралы ойымен бөлісті.