АКАДЕМИК ШОРА САРЫБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ

Академик, филология ғылымдарының докторы, профессор, қазақ тілі диалектологиясының негізін қалаушылардың бірі ШОРА ШАМҒАЛИҰЛЫ САРЫБАЕВТЫҢ туғанына 100 жыл.
Бар ғұмырын қазақ тіл ғылымына арнаған Шора Шамғалиұлы 60 жылдай Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі Институтында еңбек етіп, ондаған ғылым докторлары мен кандидаттарына жетекшілік етті. Қазақ тілі грамматикасы, лексикасы, лексикографиясы, диалектологиясы, тіл білімі тарихына қатысты еңбектері өзбек, араб, қырғыз, татар, түрік, әзербайжан т.б. тілдеріне аударылып, түркі тілдерінің дамуына айтарлықтай үлес қосты.
Таяуда Алматыдағы Ұлттық кітапханада Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі иниститутының ұйымдастыруымен «Тілтанымдық мектеп: Академик Шора Шамғалиұлы Сарыбаев» атты ғылыми-практикалық дөңгелек үстел де өткен болатын. Академик Шора ағамыздың мерейтойына орай әзірленген арнайы хабарымызды тыңдай отырыңыздар.
Хабарды жүргізген журналист Оңғар Құрал.
Толығырақ аудионұсқада...