Кітап оқитын ұлт: Қазақ тіліндегі кітаптар нарығы
«Бүгінгі сөз» хабарында қонақта болған жазушы, маркетолог Мирас Кесебаев қазіргі кездегі "кітап оқылмайды" деген пікірге осы салада біраз уақыттан бері айналысып келе жатқан азамат ретінде жауабын берді. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе жатқанын жеткізді.
