Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қазақстан Ұлттық Банкі номиналы 100 теңгелік «JUBAN MOLDAǴALIEV.100 JYL» коллекциялық монетасын шығарды

Қазақстан Ұлттық Банкі номиналы 100 теңгелік «JUBAN MOLDAǴALIEV.100 JYL» коллекциялық монетасын шығарды

Қазақстан Ұлттық Банкі номиналы 100 теңгелік МН 25 мельхиор қоспасынан «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан «JUBAN MOLDAǴALIEV.100 JYL» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады. Монеталарды шығару Қазақ КСР Халық жазушысы, «Қыран дала», «Мен қазақпын», «Жыр туралы», «Сел» және басқа да шығармалардың авторы, қазақ ақыны Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орайластырылған.

Номиналы 100 теңгелік коллекциялық монеталар төлемдердің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке жазылуға және аударылуға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.