Қазақстанның 4 фильмі Cinema Heritage фестивалінде көрсетілді
Парижде Cinema Heritage фестивалінде Қазақстанның 4 фильмі көрсетілді. Халықаралық көрсетілімге ЮНЕСКО мұрындық болған. Атақты фестивальде қазақ фильмдеріне айрықша көңіл бөліп жатқанының өзіндік сыры бар. Францияда Қазақстанның соңғы самурайы – өмір-бақи біздің елде тұрған жапон тұтқыны Ахико Тецуро туралы фильм көрсетілді. Елдар Қапаров пен Әлия Увальжанованың «Соғыс тұтқындары» картинасы бұған дейін Жапония мен АҚШ-та таныстырылған еді. Фильм Қазақстанның өзінде әлі көрсетілген жоқ.
Фильм – Қазақстан мен Жапонияның бірлескен өнімі. Француз мамандары да атсалысқан. Париж фестивалінің дирекция өкілдері «Қазақстандық кино шетелдік көрермен үшін де, кәсіби мамандар үшін де қызықты» дейді.
«Кино мұрасы» фестивалінің негізі былтыр қалаған. ЮНЕСКО қолдауындағы іс-шараның мақсаты – жергілікті көрерменге жас таланттарды таныстыру, бүкіл адамзатқа ортақ құндылықтарды насихаттау және халықтар арасын жақындастыру.