«Қазақконцерт» ұйымының солисі Ербол Нариманұлы блюз жанрының тыңдармандары үшін «Күздегі көктем» концертін ұсынады. Концерт Жастар жылы аясында өтеді. 

Ербол Нариманұлы талантты музыкант-композитор және blues, soul, reggae, funk, bossa nova и R&B стильдерінде өнер көрсететін әнші ретінде танымал. 

«Күздегі көктем» концертінің бағдарламасына оның авторлық әндері, белгілі әндерге жаңа форматта өңделген каверлер енген. Композициялар ішекті, ұрмалы және пернелі аспаптардың сүйемелдеуімен жанды дауыста орындалады. Ербол Нариманұлымен бірге концертте әнші Абик Жексен өнер көрсетеді. 

Концерт «Қазақстан» ОКЗ камералық залында 19 қараша күні сағат 17:30-да өтеді. Қосымша ақпарат: 705-256; 8 776 844 57 01