Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Вакур Сүмер: «Цифрлық өнімдер ұсынатын жастар ортасын қалыптастыруымыз қажет»

 Түркі әлемі» хабарының бүгінгі қонағы – Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Вакур Сүмер.  

-Вакур мырза, жүз жылдық тарихы бар қазақ радиосының студиясына, «Түркі әлемі» хабарына хош келдіңіз!

-Ең алдымен жүз жылдық тарихы бар, Қазақ радиосына бұл шақыртуы үшін алғысымды білдіремін. Мен үшін Қазақ радиосына сұхбат беру үлкен абырой, биік мәртебе. Жұмыстарыңызға сәттіліктер тілеймін. Сіздердің жұмыстарыңызбен, шығармашылықтарыңызды сүйіспеншілікпен тыңдап жүреміз.

-Өзіңіз қызмет ететін Еуразия ғылыми-зерттеу институтының негізгі міндеті, бағыты қандай?

-Еуразия ғылыми-зерттеу институтының міндеті Еуразия аймағында және соның ішінде айрықша ықпал мен орынға ие түркітілдес мемлекеттер мен халықтарға қатысты ғылыми зерттеулер жасау және стратегиялық ұсыныстар дайындау. Институтымыздың жоспары экономика, қаржы, энергетика, халықаралық қатынастар, қауіпсіздік, қатынас, технология, мәдениет, өнер, білім, тіл, дін, философия, әлеуметтану, саясат, тарих, археология және қоршаған орта тақырыптары бойынша халықаралық деңгейде танылып, мойындалған ғылыми-зерттеу институты болуды мақсат етіп отырмыз.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының мақсаты Еуразия құрлығымен түркітілдес мемлекеттер мен халықтарға тарих, археология, дін, философия, әлеуметтану, тіл, мәдениет, өнер, экономика, қатынас, технология, саясат және халықаралық қатынастар бойынша ғылыми зеррттеулер жасап, жобалар ұйымдастырып және оларға қолдау білдіру. Тағы бір қызметіміз – түркітілдес мемлекеттер мен халықтардың ортақ мүдделері мен аймақтағы бейбітшіліктің сақталуы, ынтымақтастардың дамуына қатысты стратегиялар дайындау және оның ғылыми негізін қалыптастыру. Сонымен қатар институтымыз түркітілдес мемлекеттер арасындағы аймақтық және халықаралық ұйымдармен бірлесіп жобалар әзірлеу және ісшаралар ұйымдастыру. Еуразия ғылыми-зерттеу институтының келесі бір қызметі жоғарыда айтылған зерттеу алаңдары бойынша магистранттар мен докторанттарға ғылыми жобалары бойынша қолдау көрсету. Сондай-ақ, ғылыми бюллетеньдер, журналдар, кітаптар, деректі фильмдер дайындау және цифрлық мағлұматтар жасаумен айналасады. Ерекше айта кететін жайт, институт тарапынан немесе институт қолдауымен жарияланған еңбектердің таралуы мен танылуына қол ұшын беріп келеміз. Республикалық және халықаралық ғылыми басқосулар ұйымдастыру, ғылыми бағдарламалар жасау және зерттеу салалары бойынша марапаттар тағайындауда да институтымыздың көп қызметтерінің бірі.

-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаев: «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркістанды түркі дүниесінің ортақ білім шаңырағына айналдырады» деген еді. Мақсат орындалды ма?

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Құрметті Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған мақсатының орындалуына қатысты өткен жылдың атқарылған нәтижелі істерден көруге болады. Бірнеше рет Түркістанға барған сапарларымда Түркістанның Түркі әлемінің жастарын құшағына алып, сонымен қатар, Халықаралық білім беру стандартына ие және жылдар өткен сайын дамып, университеттер рейтингінде жоғары орындардан көрініп келе жатқан тек түркі әлеміне емес, күллі әлемдік білім беруге үлес қосып, білім мен ғылымның түрлі саласында сапалы кітаптар шығарып келе жатқан мықты ғылым, білім орталығына айналғанын көріп отырмыз. Университет құрылымындағы Түркология институтының еңбектерін ерекше бағалаймын. Медицина бойынша жасалып жатқан жұмыстар да түркі әлемі ортақ білім беру ұясына айналғанын көруге болады. Сонымен қатар, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мұрындық болуымен ұйымдастырылатын көптеген халықаралық басқосуларға барша түркі әлемінен маңызды ғалымдардың қатысатынын, сол арқылы жиынның жоғары маңыздылығы көрінеді.

Мақсат орындалды ма деген сұрағыңызға қайта оралсақ, мақсаттың ауқымды, жанды екенін ескеруіміз керек. Оған қарай ілгерілеген сайын ол биіктей береді, үлкейе береді, біздің көріп отырған мақсатымыз осындай. Биік мақсатымызға жету үшін толықтай нәтижелі жұмыс жасай беруіміз керек. Жақсылықтың шекарасы болмайды. Өте маңызды дүниелер жасалып жатыр, болашақта да жасала береді.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркістан қаласының облыс орталығы болуы бірін-бірі толықтыра түсетін қатынастар. Бұл жерде айтқым келгені Түркістанның облыс орталығы болуына Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің де септігі тиді деген пікірдемін. Түркістанда ашылып жатқан әуежайдың да университеттің облыс орталығына қатысты мәртебесін асыра түсетін болады. Түркістанның облыс орталығы болуы және өте көп көлемде инвестицияға жол ашуы, қалада әуежайдың салынуы, сөз басында айтқан мақсатқа жыл сайын жақындап келе жатқанын көрінісі.

-Түрік әлеміне ең қажет мамандар технократтар – деп жиі айтылады. Әсіресе осы мамандардың қажеттілігі қазақ елінде болып тұр. Сіз басқарған институт осы олқылықты толтыра ала ма?

-Қазақстан үлкен мемлекет және қарқынды дамып келе жатқан ел. Алып территория мен бірлігі жарасқан халықтың ортақ мекені. Қазақстанның білімді жастары болашақта тек қана Орталық Азияда шеңберінде емес, Еуразия және әлемдік аренада Қазақстанды бұдан да мықты мемлекет дәрежесіне шығартатынын қазірден-ақ сүйіншілеп тұрғандай. Қазақстанның білім беру жүйесі барған сайын сапасын, дәрежесін арттып, әлемдік құрылымдармен бірлесіп жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Қазақстан білімді жастар ортасын қалыптастырды, сол жастар болашаққа елдің қажет етіп отырған технократтардың өркендеуіне жол ашатын болады. Қазіргі қалыптасқан білімді жастар болашақта барлық сала бойынша қажетті мамандырға негіз боп, орта қалыптастырады. Біздің институтымыз да білім, ғылым саласының айырылмас бөлшегі ретінде өз міндетін атқарады. Қазақстанның ең білімді жас мамандарымен жұмыс жасап, қажет кезде оларды қолдап келеді. Бұдан бөлек білімді, дарынды қазақ жас ғалымдарын гранттар, практикалық орта қалыптастыруда қолдау көрсетіп келеміз. Осы мақсатта бекіткен жоспарларымыз бен жұмыстарымыз бар. Бұл өте кең ауқымды жобы Қазақстанның технократ және технолог мамандарын қалыптастыруы мемлекеттік деңгейде қолға алыну керек жобасы. Бұған қатысты институтымыз білімді жастарды қолдау, жігерлендіру, сенімділігін арттыру бойынша құр алақан емес, біршама дейгейде үлес қосты.

-Қазақстанның шикізат өндіруші ел ретінде қалып қоймай, жоғары технологиялы өндіруші дамыған елге айналуына не кедергі деп ойлайсыз?

-Экономикалық тұрғыдан қарағанда бұл сұраққа қатысты түрлі теориялар бар. Теориялардың ішінде әсіресе шикізат өндіруші елдерге жаңа өндірістің технологиялардың жасалуына мүмкіндігінше аз уақытта, аз энергиямен көп нәтижеге қол жеткізетін әдістер мен техникалардың тууына себеп болатыны дәлелденген. Мәселен, көмір, мұнай, газ өндіру үдерісі әрқашан да 0-ден басталғанда жаңа бір әдістің тууына себеп болады. Бүгінге дейін осындай жол, қағида қалыптасқан. Бұл тек Қазақстан үшін емес, шикізатқа бай басқа мемлекеттерге қатысты және олар да осындай мәселемен бетпе-бет келеді. Ең біріншіден өзіндік жол қалыптастыру үшін уақыт керек. Ол үшін үлкен жігер керек. Қазақстанның бұған қатысты бағыты айқын. Елдің білім беру жүйесі Қазақстанның қажет еткен өндіріс құрылғыларын жасап шығару, олардың игеруге көптеген қадамдар жасалып жатыр. Қазақстанның білім беру жүйесі өткеріп отырған реформалар аясында мұның бәрін ескеріп отыр. Мәселен, «Болашақ» бағдарламасымен және басқа елдегі техникалық университеттердің технократ мамандар тапшылығын жоюға қатысты алыс-жақын шетел университеттермен білім ынтымақтастығы аясында сәтті жұмыстар атқарып жатқаны байқалады. Алайда индустриялық ел дәрежесіне жету тек қана мамандармен шешіле қоймайды. Ол үшін басқа да жағдайлар біртіндеп өз халіне келуі керек. Бұл дегеніміз тұрақты капиталы қалыптасқан дәрежеге жету керек. Бұл тақырыпта Қазақстан алғашқы жемістерін жинай бастады десек болады. Тәуелсіз отыз жылдың ішінде Қазақстан өндірістік орта, өндірістік климаттың капиталдық негізін қалады. Капитал немесе қордың болуы қажет жағдайда мемлекеттер тарапынан өндірістік ортаға қолдау көрсетіліп, ұтқырландырылуы керек.

Бұдан басқа ішкі қордан бөлек сырттан капитал тартуда Қазақстан маңызды қадамдар жасады. Бүгінгі таңда Қазақстан бизнес ашу және жүргізуде әлемдік рейтингте алғашқы қатарда келе жатыр. Алғашқы 20-25 мемлектеттің арасында көріну үлкен сәттілік. Бәсекеге қабілеттілікті арттыруда және шетелден инвестиция тартуда Қазақстан өте жақсы мүмкіндік мекені. Қазақстанның келесі бір мүмкіндігі, қарқынды дамып келе жатқан Шығыс Азия, Ресей және Қытаймен көрші орналасуы. Мұндай мүмкіндікті пайданалып Қазақстан алдағы уақытта өндірістік, технологиялық қуатын жақсартуға мүмкіндігі бар.

Индустриаландыруға болуы мүмкін кедергінің бірі елдегі инфрақұрылымның заман талабына сәйкестендірле алмай жатқаны. Автожолдар мен теміржолдар әлі де әртарапты және бұдан да сапалы болуы қажет деп ойлаймын. Бұған қатысты соңғы жылдары Қазақстан билігі жақсы қадамдар жасай бастады. Жаңа автожолдар жаңа теміржолдар алдағы бес, он жылдың ішінде Қазақстанның өндірісінің дамуына оң өзгерістер алып келетініне сенемін. Осылардың бәрі Қазақстанды байланыс қатынасынын орнатуға ыңғайлы мемлекет дәрежесіне шығарады. Осының арқасында Қазақстанның барлық аймағында өндіріс пен өнеркәсіп дами түседі, тек Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтау қалаларынан бөлек басқа аймақтарда да өнеркәсіп дамиды.

-Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіпті дамытуға үшін тағы да нелер жасалуы керек деп ойлайсыз?

Бұл сұраққа тікелей жауап беретін болсақ, ең негізгі әрі маңызды жол ол білім. Жеңіл өнеркәсіпте технологиялардың және технологиялық инвестицияның маңызы өте жоғары. Дәл қазіргі кезең өте кішкентай ыңғайлы техникалар мен жеңіл технологиялардың, ақылды технологиялардың заманы. Әлемдік нарықта бәсекеге түсе алатын, сапалы білімді ортаның болуы шартты қажеттілік. Әдемдік деңгейде сіздің қолтаңбаңыз, сіздің пікіріңіз болуы керек. Цифрлық өнімдер ұсынатын жастар ортасын қалыптастыруымыз қажет. Бұл айтқандарымыз барша түркі әлеміне қатысты. Білімді, талантты жастардың басқа елдерге жұмысқа кетіп қалатынын алдын-ала есептеуіміз керек. Бүгінгі таңда «Ми көші» үдерісі кеңінен жүріп жатыр. Ақылды жастарға өз туған елінде ыңғайлы, сапалы жұмыс ортасын жасау қажет. Себебі, түркі тілдес мемлекеттерде халық үлесінде жастардың саны басым. Туысқан мемлекеттерде оқу, білімге ерекше жағдай жасап отыр. Бұлардың ішінде Қазақстан ең алдыңғы қатарда дер едім. Көптеген ақылды жастарымыз шетелге қызметке кетіп жатқанын көріп отырмыз. Бұл көрініс қай жағынан алып қарасаңыз да тараптар үшін тиімсіз жағдай. «Ми көшінің» барынша төмендету яки алдын алу мемлекеттік жауапты мекемелерінің негізгі ісі болуы керек. Ақылды, оқыған жастар үшін өз елінде қалып жұмыс жасауы өте маңызды. Олар үшін жақсы, қолайлы орта қалыптастырылуы керек. Кейде мың адамда қолдау көрсетеміз. Алайда, арасында біреуі ғана дарынды болып шығуы мүмкін. Ал сол бір дарынды адам әлемдік деңгейде қолтаңбасын қалдыратындай тұлғаға айналып жатса, соңында барша әлем Қазақстаннан шыққан сол адамның қолтаңбасынан яғни ашқан жаңалығын пайдаланады. Жалпы жағдай осындай. Кімнің қай уақытта жұлдызы жанатынын блмейсіз. Осыншама білімді жастарымызды дер кезінде қамқорлыққа ала білсек, Қазақстанның келешегі бұдан да мықты болады. Қазақ жастары білімді, шет тілдерін үйренуге құмар, жаңа технология мен цифрлық технологияларды меңгеруге жатық. Қаншама жылдан бері қазақ жастарымен бірге жұмыс істеп келе жатырмын. Көзбен көргенімді айтып отырмын. Мұндай мықты күшті елдің ертеңі үшін, кибер энергетика ретінде ұмытды пайданалудың жолын қарастыру керек.

-Түркі әлемінің экономикалық бірлігін қалыптастыру мен дамытуға қатысты пікіріңіз қандай?

Түркі әлемінің экономикалық бірлігі әзірге пікір күйінде қалып отыр. Бұған қатысты өткен тарихымызда кейбір техникалық мәселелер бар. Орталық Азиядағы түркі тілдес елдердің Кеңес Одағының құрамында болуы, ал Түркия және Оңтүстік Кипр Түрік республикасының Еуропа Одағымен жақын қарым-қатынаста болуының әсерінен екі экономикалық топ немесе екі экономикалық жүйенің көзқарастары әртүрлі болып тұр. Дегенмен, бұл мәселенің соңғы нүктесі емес. Бөлек екі экономикалық көзқарас болса да, сауда-саттық және экономикалық қарым-қатынастарымызды жоғары деңгейге шығаруға болады. Бұл үшін үлкен жігер керек. Екі экономикалық кеденнің бір-біріне кедергі келтіретін тұстарын азайтатын халде жұмыс жасалуы керек. Түркиядан Қазақстанға немесе Қазақстанның Түркияға келген тауарлар кедендік кедергілермен тұрып қалмауы керек. Түркі тілдес мемлекеттер бас болып, Еуропа Одағымен Еуразиялық Экономикалық Одағы талқылау үстеліне отырулары керек. Түркі тілдес мемлекеттер арасындағы мәдени және туысқандық жақындықты айтқанымызда аталған екі ұйым яғни Еуропа Одағымен Еуразиялық Экономикалық Одағы түркі тілдес елдер арасындағы сауда-саттығына кедендік жеңілдік дәліздер қарастыруы бойынша келісуіміз керек.

Біздің заманымыз өте қарқынды, жылдамдық, шапшаңдықты қажет етеді. Осы кезеңді өз пайдамызға жаратуымыз қажет. Жарты ғасыр бұрын қатынас, барыс-келіс өте қиын еді. Ал қазір жылдам ұшақтар, пойыздар, жоғары сапалы жолдардың арқасында елдер бір-бірімен жақындасты. Мәселен, Баку-Тбилиси-Карс сияқты кең тарапты жылдам пойыздарға арналған теміржолдар салынса, біздің экономикалық қарым-қатынасымызды арттырудағы кедергілерді жеңілдетеді. Көріп отырғанымыздай инфрақұрылымды жақсарту өте үлкен маңызға ие.

Ерекше тоқталып айтқым келетін дүние түркі тілдес халықтар арасындағы жақындықты арттырудың бір жолы туысқан тілдерде еркін сөйлесетін жастарды қалыптастыруымыз керек. Түркиядан Қазақстанға, Қазақстаннан Түркияға келген жастар екі елдің тілінде еркін сөйлеп, жұмыс істей алатындай дәрежеде тілдерімізді меңгерулері қажет. Аудармашының қызметіне жүгінбей іскерлік қарым-қатынас жасап жатса, сөз басында айтқан түркі тілдес мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынасты дамытудың төте жолы болады. Ал ең маңыздысы түркі әлемінің жастары бірін-бір түсініп, ұғынуы керек. Бұл тұрғыда білім беру мекемелеріне көп жүк түседі. Біз Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне қарасты Еуразия ғылыми-зерттеу институты осы пікірдің аясында қызмет етіп келеміз. Институттың ғылыми қызметкерлерінің өздері таңдаған сала бойынша маманданған ғылыми қызметкерлер. Экономикада, қаржыда, мәдениеттану, әлеуметтану, миграция, халықаралық қатынастар, экология салаларында ғылыми зерттеушілеріміз үнемі мақалалар жазады. Басқа мекемелердің ісшараларына қатысып пікір білдіреді, өз салалары бойынша сұхбаттар береді, осыдан-ақ институттымыздың белгіленген тәртіппен жұмыс істейтінін көруге болады. Мәселен, халықаралық қатынастарға байланысты конференцияда миграция, экономика, қаржы, экология саласы бойынша зерттеушілеріміз де конференцияға дайындалып келеді. Басқа сала маманы мүлдем басқа сала бойынша пікір білдіргенде жаңа ойлар ортаға шығады.

Еуразия ғылыми-зерттеу институты түркі әлемінің тұрақтылығы мен бірлігі үшін аянбай қызмет етіп келеді. Институтымыз туралы көп айтуға болады.

Құрметті Қазақ радиосының ұжымы, тыңдармандарға институтымыз жақыннан таныстыруға мүмкіндік қарастырғандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Қазақ радиосына сәттіліктер тілеймін, рақмет айтамын.

Сұхбаттасқан Толқын Сұлтан