Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жанар Кәукербекқызы: «Тіл мәселесіне бейқам қарау – үлкен жауапсыздық!»

«Сөйлеу мәдениеті» хабарының қонағы- тіліміздің тәрбие саласындағы қолданысын зерттеп жүрген педагогика ғылымдарының кандидаты – Жанар Кәукербекқызы.

***

Қазақ классигі Мұхтар Әуезов бір сөзінде : «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық интеллигент емес. Себебі ол қандайлық мамандық білімі болса да рухани, ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады »-дейді. Олай болса, тұлға ретінде қалыптасып, Абай атамыз айтып кеткен «толық адам» мәртебесіне жету үшін ғылым-білім меңгеріп қана қоймай, ана тілімізде еркін сөйлей алуымыз керек емес пе?

-Қазіргі кезде педагогика саласында ғылыми терминдердің қазақ тіліндегі қолданыс мәселесі өзекті болып табылады. Себебі, Қазақстан республикасы білім беру саласын дамыту арқылы мемлекетіміздің өркениетті, санатты мемлекеттердің қатарына қосылуы, ұлттық тіл мәдениетін зерделеу, оларды тиімді жүзеге асыру мәселесі қазіргі кезде өте көкейкесті. Себебі, тіл мәдениетін әртүрлі ғылым салалар аймағында зерттейді. Сонымен қатар олардың дамуына түбегейлі өз үлестерін қосып жатыр. Дейтұрғанмен, педагогика саласында, ғылыми зерттеу жұмыстарының саласында дұрыс пайдалануы және оған деген қоғамның сұранысына көңіл аудару керек. Демек, қарама-қайшы мәселелердің бар екендігі рас. Осы мәселенің обьективті болып табылатын терминдердің педагогика саласында қолданылуы, оның пән негізінде үйрету тәжірибесін күшейту қажет. Осы мақсатта педагогика саласында нақты ғылыми терминдерді жүйелеп, нақтылау арқылы оларды білім беру саласында, оқу тәжірибе процесінде пайдалану керек.

Білім беру саласындағы оқу тәрбие процесінде қандай проблемалар бар?

-Егерде педегогика саласында нақты ғылыми терминдерді нақтылап, бір жүйеге келтірсе, оқу тәжірибе процесін өндірсе, әдістемелік кешенмен қамтамасыз етсе онда білім беру саласындағы оқу тәрбие процесінде ғылым мен білімнің арасындағы еңбектерде сапалы, анағұрлым жақсы еңбектердің куәсі болар едік. Осы мәселенің негізгі обьектісі - ғылыми терминдердің педагогика саласында қолданылуы және оның пәні тіл мәдениеті негізінде үйрету тәжірибесін күшейту проблемасы тұр.

Осы жобада қандай мәселелерді міндеттеуге болады?

-Иә, осы міндеттерді жүзеге асыруда ғылыми педагогика саласындағы нақты ғылыми терминдерді бір жүйеге келтірудің теориялық әдістемелік негіздерін жасау керек немесе нақтылау қажет. Сонымен қатар педагогика саласында нақты ғылыми зерделену обьектісіне байланысты, терминдерді жүйеге келтіріп, педагогикалық терминдердің мазмұндық және терминдік сипаттары арқылы тілді дұрыс пайдалану мүмкіндіктерін нақтылау қажет. Осы саладағы ғылыми терминдер нақтыланып бір жүйеге келтіру мен білім алушыларды осы жағдайға үйретудің мазмұнын, әдістері мен формаларының құралдарын анықтайтын болсақ тіл – қоғам өмірінің обьективті құбылысы болар еді. Бүкіл халық үшін бірдей және адамдар білген құбылыстардың алуан түрлерін түгел қамтиды. Сондықтан Уәлиев өзінің тіл мәдениетін зерттеу еңбектерінде: «Тіл мәдениеті дегеніміз – сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі сөйлеу өнеріне шыныққандық» депті. Осыған орай педагогика саласында зерттеу жұмыстарымен айналысып жүргендіктен, көптеген әртүрлі тілдегі яғни орыс, қазақ тіліндегі ғылыми еңбектерді нақтылап оқып жатамыз. Ал енді сол еңбектердің қазіргі кезеңде пайдалану мүмкіндіктері әртүрлі. Мысалы, «педагогическая наблюдение» деген сөзді, кейбір педагогикалық терминологияларда немесе оқулықтардың өздерінде әртүрлі қолданып жүр.

Көбінесе қолданыста «педагогикалық бақылау» деп атайды. Шын мәнісінде, «педагогикалық байқау» деп пайдалансын деп ұсынар едім. Яғни сөздік мәні ашылар еді. Терминдерде мотивация деген ұғым бар. Мотивацияны ғылым саласында жігерлендіру деп аударуға болады. Бірақ, кейбір әдебиеттерде «уәждеме» деп қолданылып жүр. «Себеп», «ұмтылдыру» деп ұсынар едім. Біздің көзқарасымызда терминдер ғылыми түрде жүйелі, зерделі, нақты пайдаланылатын болса, тәрбиелеп жатқан болашақ ғалымдарымыз сол тілді қазақ тілде қате қабылдайтын болса, басқа ұлттарға немесе көпшілік алдында сөйлеген кезде терминологиялық қателер әбден кетуі мүмкін. Бұл – үлкен мәселе. Сондықтан мәселелерді жазған кезде, еңбектерде пайданатын дүниелердің бәрін, терминдердің барлығын жақсылап пайдаланып, ой елегінен өткізу қажет. Сұрыптау қажет. Тілдің дұрыс пайдалану жағдайларын қарастыратын мамандар болса, артық етпес еді. Себебі, біздің қазақ тіліндегі жазылған еңбектеріміз мысалы, ағылшын, орыс тіліне аударылып жатыр. Сол кезеңде калоритті тілде берілмейтін болса басқа тілде немесе басқа тілдің калориті сол тілге нақты берілмейтін болса оның ешқандайда тәрбиелік мәні болмайды, мәні ашылмайды.

Қазіргі педагогика саласында қазақ тілі қаншалықты дұрыс аударылып жүр?

-Тілдің басқа тілдерге дұрыс аударылуы өте өзекті мәселе. Себебі, біз қазақ интеллегенциясы осындай мәселеге ерек көңіл аударып, оның дұрыс пайдаланылуына, дұрыс дамуына ерекше мән беруіміз қажет. Өйткені, тіл – біздің қазынамыз, біздің құндылығымыз. Біздің ұлттық болмысымыз. Сондықтан қасиетті тіл мәселесіне бейқам қарау ол үлкен жауапсыздық. Егер де менің көзқарасыммен келісіп жатқан мамандар болса, білім алушылар, қолдаушылар болса ой бөлісуге әрдайым дайынмын.

Егемен ел атанғанымызға 30 жылға жуық уақыт болса да, мемлекеттік тіліміз әлі күнге дейін ғылым тіліне айнала қоймады. Дұрыс тәржіманың жоқтығынан жас ғалымдарымыз термин сөздерді өзге тілде қолдануға мәжбүр. Әлем тілдері арасында байлығы мен мағынасы жағынан үшінші орында тұрған дана тіліміздің қадіріне жете алмай жүргеніміз. Бұл бүгінгі қоғамның дертіне айналып отыр.

-Жанар Кәукербекқызы, егемен ел атанғанымызға отыз жылға жуық уақыт болса да, мемлекеттік тіліміз әлі күнге ғылым тіліне айнала қоймағаны сіз бен бізге мәлім. Дұрыс тәржіманың жоқтығынан жас ғалымдарымыз термин сөздерді өзге тілде қолдануға мәжбүр. Әлем тілдері арасында байлығы мен мағынасы жағынан үшінші орында тұрған дана тіліміздің қадіріне жетіп, бүгінгі қоғамның дертіне айналмауы үшін бірлесе еңбек етейік. Ой бөліскеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз.

Хабардың аудионұсқасы:

https://qazradio.fm/shalqarfm/kz/archive/programs/programs_shalkar/soileu_madenieti_shalkar/1078891

Хабарды жүргізген Айнұр Шамшеитова