Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары – «Азия» мен «Бақай» топтары елордалық көрерменге «Опмай-опмай» атты концертін ұсынады. 

    Екі топтың өнер әлеміндегі 15 жылдық мерейтойларына арналған керемет ән кеші «Жастар жылы» аясында өтеді. Ұйымдастырушы – «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы. 

    «Ғажайып күй», «Кім кінәлі», «Махаббат аралы», «Өмір-ай», «Опмай- опмай» сынды танымал хит әндерімен өнер сүйер қауымның ықыласына бөленген екі топтың бұл концерті ерекше болмақ. 

    Көрермен қауымды көңілді кештің куәгері болуға шақырамыз. Сіздер үшін: жаңа концерттік бағдарлама, отандық эстраданың танымал әншілері, сүйікті хит әндер. 

    Концертте Жеңіс Сейдуллаұлы, Мұқасан Шахзадаев, Мөлдір Әуелбекова, Нұрислам Нұрғали, «Назар», «Дара» топтары өнер көрсетеді. 

    «Опмай-опмай» концертін 20-қараша күні сағат 20.00-де «Қазақстан» Орталық концерт залында тамашалай аласыздар.