"Салбурын" концертіне келіңіздер!

Салбурын - Қазақтың ерте кезден келе жатқан аңшылық дәстүрі. Бұл концертте аңшылыққа қатысты туған ән мен жыр, күйлер орындалады. Бабаларымыздың қаншалықты табиғатты аялап, жан-жануарларға деген ерекше қызығушылығы мен құрметін білгіңіз келсе 28-ақпан, Қазақақконцерттің кіші залында, 18:30 да өтетін, "Салбурын" концертіне келіңіздер. Кешке қазақ өнерінің жарық жұлдыздары қатысады.
Билетті тикетон сайты арқылы не Қазақконцерттің кассаларынан ала аласыз.
Бұл концерттің басты ақпараттық қолдаушысы "Қазақ радиолары" серіктестігі.