Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Баян Бақкелді: «Тікелей эфир арқылы бірнеше қорқынышымды жеңдім»

Қазақ радиосындағы «Қайырлы таң, қазақ елі!» бағдарламасында «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушісі Баян Бақкелді мен Данияр Есен қонақта болып, эфир барысындағы түрлі оқиғаларымен бөлісті.
«Мен жәндіктерден қорқатынмын. Оның ішінде тышқан, өрмекші деген нәрселер зәре – құтымды қашыратын. Осы фобиямды жеңуге тікелей эфир көмектесті. Бірақ, эфирде жүргізуші болғандықтан, қорқып-шошып лақтырып жіберуге болмайды. Әлгі жәндіктерді ұстап, бар қорқынышыңды көрерменге көрсетпеуге тырысасың», - дейді Баян Бақкелді.
Журналистер тікелей эфир барысында қызықтарымен бөлісіп, тыңдарман сауалдарына жауап берді.

Сұхбат барысында Баянның эфирдегі серіктесі Данияр Есен велосипедтен құлағанын еске түсірді.

Айта кетейік, қазіргі таңда «Таңшолпан» бағдарламасы аптасына 6 күн тікелей эфирге шығады. Үш сағат бойы көрерменге айшықты ақпарат тарататын хабарға 50 қызметкер жұмылдырылыпты.