Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Шалқарбай Ізбасаров: «Шоудың элементтері қосылса да, қазіргі айтыс өз биігінде»

Көрерменнің талғамына қарай айтыс та шоуға айналды. Бұл өзгеріс айтыскер ақындардың өздерін шошытпайды. Қайта шабыттандырады. Заманның талабына сайсахнада өнер көрсетуге талпынатындардың бірі - Шалқарбай Ізбасаров. Жас айтыскер ақын Қазақ радиосындағы «Қайырлы таң, қазақ елі!» бағдарламасында шоу айтыс туралы пікірімен бөлісті.

«Шындық айту деген сөз тек шығып алып, билікті, өкіметті жамандау емес. Шындық айтудың да әр түрлі жолы бар. Бас жоқ, көз жоқ шаба беруге де болмайды. Әзілмен астарлап айтуға болады. Шындықты, елдің жайын айтпай жүрген жоқпыз. Жеткізіп жатырмыз. Тыңдайтын құлақ болса, айтып жүрміз. Айтыскерлердің айтқанынан билік басындағылар нәтиже шығарып жатқан кездері де болды. Оны Жүрсін ағамыз да айтып жүр. Бізге дейінгі айтыстың - шоқтығы биік болды. Кезінде қазақтың сүйіп тамашалайтын жобасы болды. Көрерменнің қарасы қалың, ине шаншыр жер болмаған. Ән басқа, әуен басқа, заман басқа. Қазақта сөз бар, заманына қарай заңы, тауына қарай аңы дейді. Шоудың элементтері айтысқа да келді. Неге? Себебі заманға қарай икемделуі керек. Сол кезде өткен айтыс пен қазіргі айтыстың арасы жермен көктей. Айтыс та өз заманынан қалмауы керек. Айтысқа әртүрлі жастағы таланттар келеді, әртүрлі бағыттағы ақындар келді. Қазір қазақ айтысы өз биігінде. Екі заманның айтысы екі түрлі. Ол кездегі көрермендер басқа, қазіргі көрермендер басқа», - дейді айтыскер ақын Шалқарбай Ізбасаров.