Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Әділбай Тобыш : «Әншілер үлкен аманатты арқалап жүр»

Қазақ халқы бағзы заманнан келе жатқан ән өнерін ерекше бағалайды. Ұлт тарихында қасиетті өнердің биік шыңына жетіп, халықтың ілтипатына бөленген, төл өнерімізді дәріптеген талант иелерінің орны қашанда асқақ. Ал бүгінгі ән өнеріне аға буынның көңілі толмай, сыни пікір жолдап жататынын жиі естиміз. Осы турасында ашық сұхбат беріп, өз ойын білдірген қазақ өнерінің қайраткері, әнші, сазгер Әділбай Тобыш «Қазақ радиосының» «Армандастар» хабарының қонағы болды.

«Тыңдаушы – тобыр. Сол тобырды тонаушылар көбейді. Сахнадағылар үлкен аманатты арқалап жүргендерін сезіну керек. Қазақта «әсіре қызыл тез оңар» деген сөз бар. Қазіргі әндер де, әншілер де бір кигеннен жылтырағы түсіп қалатын көйлек секілді», - дейді фонограммамен ән айтатындарды сынаған Әділбай Тобыш.

«Бассам да бәтеңкемді сіресінен,

Қайтпаймын өнер үшін күресуден.

Қазаққа бұлбұл болды сауысқандар,

Домбыра асқақ үнің артта қалды,

Тыңдаушы есі бүтін ауысқандар», - деген өлең жолдарын да мысалға келтірді Әділбай сері.

«Қазақстан Республикасының халық әртісі Жәния Әубәкірованың қуанышында «Алқоңырды» әуелеткенімде америкалық дирижер Дориан Уилсон таңғалып, бес минут бойы тамағымнан ұстап тұрған еді», - дейді биік өнерді қастерлейтін студия қонағы.