Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ғанипа Садықова: «Мәдина Ералиеваның соңғы шәкіртімін »

Қазақтың күміс көмей әншісі  Мәдина Ералиева қандай ұстаз болды? Шәкірттерінен не талап етті? 
Бұл  сауалдарға  жыршы, термеші Ғанипа Садықова Қазақ радиосындағы «Армандастар» бағдарламасында жауап берді. 

Филармонияда «Адырна» ансамблінде қызмет еттік. Сонда Мәдина Ералиева бізді қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басты. Сөз тигізбей, қамқор болды. Сол сәтте Мәскеуде есеп беру кешін өткіздік. Ресейлік журналистер менен сұхбат алды. Эфирде Мәдина апам маған батасын берді.  Сол кезден бастап әрбір әрекетімді қадағалап, ақылыy айтып отырды. Сахнада өзіңді ұстаудың, ән айтудың, киім киюдің  негізін түсіндірді. Мен Мәдина Ералиеваның бірінші және соңғы шәкірті шығармын деп ойлаймын. Талапшыл болды деп айта алмаймын. Ұстазымды еске алған сайын жүрегім ауырады»,-дейді бағдарлама қонағы.   

Сұхбат барысында бағдарлама қонағы «Сағыныш сазы» әні туралы айтып берді.  
«Бұл ән менің дауысыма арналып жазылған. Туындының сөзін жазған Сайын Назарбек деген мүсінші ағамыз. Әнін Рахмат Мадриев жазған. Ақтау қаласында жазылды. Алғаш рет бұл әнді мен 1998 жылы орындадым. Ән радио мен телеарналардың эфирінде берілді»,- дейді әнші. 

Айта кетейік, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ғанипа Садықова 14 жасында гитарада шебер ойнады.  Әнші консерваторияға түскеннен кейін қос ішекті домбыраны жетік меңгерді.