Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ерлан Рысқали: «Халық әртістерінің деңгейі Англияның 2-курс студентімен тең»

Қазақстандық әншілер жүрегін кеңірдегіне байлап, өкпесі қабынып ән салады.

Бұл пікірді Шалқар радиосындағы «Құтты қонақ» студиясының мейманы дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали айтты.

«Қазақстанда өзімді жан-жақты жетілген өнер иесі деп санайтын едім. Бірақ, өзімді Англияда әншіліктің алғашқы сатысында тұрғандай сезіндім. Себебі, онда 1,2-курс студенттері көшеде ән салғанда, біздің халық әртістерінің деңгейі төмен екеніне көзім жетті. Бұған себеп, біздің дауыс жетілдіру әдісіміз Совет үкіметінің тұсында қалып қойған. Англияда дауыс қою тәсілі бізден 2 ғасыр алда. Қазақстанда халық әнін орындаушылардың дауыс қою әдісі дамымаған. Әркім білгенімен, шама-шарқы жеткенше шәкірт тәрбиелеп, өнердің дамуына үлесін қосып жүр. Ал, эстрада саласында ешқандай мектеп жоқ. Себебі, оқу орнында дауыс қою тәсілдерін опера әншісі үйретеді. Қазақстанда опера орындаушылар эстрада мен дәстүрлі әншілердің дауысын шыңдайды. Бұл бұрыс әдіс. Әрине, үшеуіне де ортақ дүниелер бар. Бірақ, артикуляция үш бағытта үш түрлі болады», - дейді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали.