Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Олжас Отар: «Өнерім халықтікі – еңбегім салықтікі»

Қазақ радиосындағы «Таңжарық» бағдарламасында ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы Олжас Отар қонақта болып, төл теңгенің мерекесі қарсаңында сұхбат берді. 

Қаржы саласында қызмет етіп жүрген жандарға ең жиі қойылатын сұрақ қандай?

Мемлекеттік бюджеттің 70-80%-ы салық және кеден саласының төлемдерінен түседі. Мәселен, 2017 жылмен салыстырғанда соңғы 10 айда мемлекет бюджетіне 140 миллиард теңгеге көп қаржы салық және кеден саласының төлемдерінен түскен. Сол себепті, осы салаға байланысты сауалдар көп қойылады. Сонымен қатар, ұлттық белгімізді білдіретін теңге болса, сол теңге қайдан келеді деген сұрақ та жиі келіп жатады.

Жалпы осы орайда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» ҰКП-мен бірігіп ұйымдастырған «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» науқаны жайлы айта кетуді жөн көріп отырмын.

Бұл науқан – азаматтық белсенділікті арттыруға, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқартуға, сондай-ақ, кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыруға бағытталған. Биылғы жылдың 21 мамырынан бастау алған науқанға қатысу үшін кез келген тауарды (затты) сатып алған кезде оның түбіртегін «Wipon» тегін мобильді қосымшасы арқылы жіберсеңіз болғаны. Бұл науқан биыл төртінші мәрте өтіп жатыр, бұған дейінгі жылдары да республикамыздың барлық аймақтарында ұтыстар өткізіліп, жеңімпаздарға жүлделер табыс етілген еді. Бас жүлде автокөлік! Биылғы жылғы науқан қараша айына дейін жалғасады, қорытындысы қыркүйек айында белгілі болады.

Қаражатты қайда және қалай сақтаған абзал?

Банкир болмасам да салықшы, экономист ретінде қаражаттың арнайы банктерде сақталғаны дұрыс деп ойлаймын. Олай дейтін себебім, сіздің қалтаңыздағы 10 мың долларды банкке салсаңыз, ол мемлекет экономикасына оң ықпал етеді. Ақшаңыздың банкте жатқаны бір жағынан қауіпсіз. Сіз оны кез келген жағдайда алып, өз игілігіңізге пайдалана аласыз. Банк құрдымға кетіп, жабылған жағдайда да заң арқылы өз қаржыңызды өндіріп ала аласыз.

Біз көп жағдайда мемлекет қаржысының қайдан келіп, қайда кететініне мән бермейміз. Мемлекет қамбасына қаржы халық төлеген салық есебінен түсіп, сол халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту жолында, ел игілігінің жолында жұмсалады. Дегенмен, жеке кәсіпкерлерді қоспағанда, қарапайым азаматтар мүлік, жер және жеке құралдарына салық төлемегендіктен мемлекетке өте көп мөлшерде қарыз. Бүгінгі күнгі статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 3 миллионнан астам адамның мемлекет алдында 23 миллиард теңге көлемінде салық берешегі бар. Ал, ҚР Ата заңында әрбір азамат мемлекетке салық төлеуге міндетті екені жазылған. Өкініштісі, қарапайым халық көбінде енжарлыққа салып, бұл маңызды мәселені елемей жатады.