Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Сәбира Жандарқызы: «Тіркелу міндет емес, ол – құқық.»

Шалқар радиосындағы «Құтты қонақ» хабарының кезекті қонағы – медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры Сәбира Жандарқызы Оразалиева болды.  

Аяқталған емханаға тіркеу науқанының нәтижесі қандай?

Нәтижесі жалпы айтқанда өте жақсы десе болады. Былтыр 300 мыңға жуық адам тіркелсе, осы жылы да осы көрсеткіш қайталанды. Бұл жаман нәтиже емес деп ойлаймын. Себебі, бұл көрсеткіш халықтың емханаға тіркелу науқанынан хабардар екенін айғақтайды.

Бұл тіркеу уақыты неліктен күз мезгілінде болады?

Елімізде міндетті тегін медициналық көмек қызметі бар. Осы көмекті алу үшін емханалар өздері қызмет көрсете алатын азаматтарды тіркеу жұмыстарын жүргізу керек. Мұның күз мезгілінде өтуі арнайы маңызы бар оқиға деуге келмес. Алайда, бұл келер жылға дайындық есебінде жүргізіледі. Себебі, күзде тіркелген азамат тегін медициналық көмекті тек келесі жылдан бастап ала алады, яғни, 1 қаңтардан бастап.

Тіркеу науқанында қай өңір азаматтары белсенділік танытты?

Жаплпы алғанда Түркістан облысы, Шымкент пен Алматы тұрғындары белсенді болды. Науқан барысында тіркеу бірнеше түрде жүргізілді. Атап айтсақ, арнайы мекемеге барып, құжат көшірмесін беру арқылы, ХҚО орталықтарында «Connection Point» арқылы және egov.kz порталы арқылы тіркелу. Осылардың ішінде электрондық тіркелу түрін таңдаған азаматтардың басым бөлігі Алматыдан болды. Мәселен, 13 500 адам электрондық тіркелу түрін таңдаса, оның 11 000 Алматы тұрғындары.

Бұл шараның негізгі мақсаты қандай? Ол халыққа не үшін қажет?

Тіркелу міндет емес, ол – құқық. Тұрғылықты мекенжайын өзгерткен азаматтар, басқа қалада оқитын студент жастар, міне, бұл тіркеу тікелей сол кісілерге қатысты. Олар басқа мекенжайға уақытша тіркелген болса да, жақын маңдағы емханаға тіркелуі керек. Себебі, ол адам кез келген уақытта емхана қызметіне зәру болуы мүмкін.

Хабардың аудионұсқасынан толық сұхбатты тыңдай аласыз.