Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Серік Сейітман: «Адам болсаң – адал бол»

Бүгінгі «Шалқар» радиосының «Таңжарық» бағдарламасында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Республикалық «Жас Тұлпар» сыйлығының лауреаты, Төлеген Айбергенов атындағы арнайы сыйлықтың иегері ақын Серік Сейітман қонақта болды. Серік Сейітман өзінің өмірі мен шығармашылығы жайында ой бөлісіп, «Таңғы қонақ» айдарында журналистердің сауалнамасына жауап берді.

Сауалнамадан үзінді: 

- Сіз басқа адам болсаңыз, өзіңізбен дос болар ма едіңіз?

- Өзіммен абайлап араласар едім. 

- Сізді өзгелерден даралап тұратын не?

- Ешкімге ұқсамайтын бір қасиетім шығар... 

- 5 жыл бұрын қандай іске соншалықты бас қатырдыңыз, есіңізде ме?

- «Шалқар» радиосының бас редакторы болып жүрген кезім. Жаңа жобаларды жүйелеу жұмыстарына бас қатырып жүргенмін. 

- Өміріңізде бір нәрсені өзгеруге мүмкіндік берілсе, нені өзгертер едіңіз?

- Адамның ниетін және ықыласын. 

- Балаңызға бір ғана кеңес берер болсаңыз, не айтар едіңіз?

- «Аман бол, аман болсаң – адам бол, адам болсаң – адал бол» дейтін едім. 

Сұхбаттың толық нұсқасын бағдарлама мұрағатынан тыңдай аласыз.