Танакөз Толқынқызы: «Поэзияны аударатын білікті маман жоқ»

«Шалқар» радиосының «Құтты қонақ» бағдарламасында Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, ақын Танакөз Толқынқызы қонақта болды.

Түрлі Халықаралық поэзия байқауларына қатысып, әлемнің ең мықты ақындарымен байланыс орнатып, ірі жобаларды жүзеге асырып жүрген ақын Танакөз Толқынқызы қазақ поэзиясының антологиясын аударып, «Түркі әлеміндегі поэзия саласына сіңірген еңбегі үшін» төс белгімен марапатталды. Халықаралық деңгейдегі үлкен сыйлықтың иегері «Шалқар» радиосының тікелей эфирінде поэзия мен аударма туралы ойларын ортаға салып, жырларын оқып берді.

«Поэзияны аударатын білікті маман жоқ. Олай дейтініміз, аударатын адам – біріншіден, ақын болуы, екіншіден, тіл білуі керек. Ал Сіз ағылшын, француз, испан тілдерін білетін ақынды білесіз бе? Бізде ондай ақындар жоқ!»,- дейді Танакөз Толқынқызы .

Толық ақпарат төмендегі сілтемеде.

http://shalkarfm.kz/kz/archive/programs/programs_shalkar/kuttykonak/985118 

Бағдарламаның редакторы әрі жүргізушісі: Гүлнұр Омарханқызы