Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Әділ Ахметов: «Ғылым академиясын қайта құру керек!»

«Шалқар» радиосының «Құтты қонақ» бағдарламасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей және Қазақстан Халықаралық жоғарғы мектеп ғылым академияларының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Құрманжанұлы Ахметов қонақта болды.

«Томсендердің, Радловтардың, Олжастардың жаңа легін қалыптастыру – еліміздің бүгінгі күн тәртібінің ең басты мәселесі деп білемін. Өйткені, біздің мемлекетіміз Ұлттық ғылым академиясын қайта жасақтап, байырғы түрік өркениетінің әлем өркениетіне қосқан тарихи үлесі мен орнын дәл анықтауы керек. Ол үшін ең алдымен қазақ, түрік (өзге де түркі тілдерін), орыс (өзге де славян тілдерін), герман тобына жататын ағылшын, неміс, норвег, дат, швед, исланд тілдерін, сол сияқты роман тобына жататын латын, француз, итальян тілдерін жетік меңгерген талантты жас лингвистер, тарихшылар, археологтар, антропологтар, генетиктер легін даярлап, оларды әлгі аталған салалар бойынша, әсіресе, прототүріктер мен байырғы викингтердің іздерін қуалай отырып, терең ғылыми зерттеулер жүргізуге бағыттаул қажет. Тек осылай еткенде ғана біз өз тарихымызды өзіміз шынайы жаза аламыз. Мен бұл пайымға 30 жыл бойы жүргізген іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстардың нәтижесінде келдім»,-дейді Әділ Ахметов. 

Толық ақпарат төмендегі сілтемеде. 

https://qazradio.fm/shalqarfm/kz/archive/programs/programs_shalkar/kuttykonak/981577         

Бағдарламаның редакторы әрі жүргізушісі: Гүлнұр Омарханқызы.