Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Нұрсəуле Рсалиева: «Қазақ тілі отбасы, ошақ қасының тілі болып қалмауы керек»

Хабардың бүгінгі қонағы Филология ғ.к., Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының мүшесі. "Тіл-қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Орфография басқармасының жетекші ғылыми қызметкері, аударматанушы Нұрсəуле Мақсұтқызы Рсалиева. 

Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі. Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілімізді білмеуі, не шала білуі бүгінгі қоғамның басты дертіне айналып отыр. Әсерлі тілдердің қақпанына қалайша оңай түсіп қалып жатырмыз? Бұған не айтар едіңіз? 

- Көптілділік – бір ғана тілмен шектелмеу деген ұғым. Баланың миыңа негативті емес, позитивті әсер ететіні туралы зерттеулер қазір жасалып қойған. Бұл қазіргі замандағы кеңінен тараған ақпарат. Көптілділік – адамның жан-жақты ойлау қабілетінің дамуына жақсы әсер етеді. Тіл білудің артықшылығы – қазақ даналығынан «жеті жұрттың тілін біл» деген сөздің өзінен көрініп-ақ тұрады. Қазақта : «қанша тіл білсең, сонша адамсың» деген тілімізде осындай мақал-мәтелдер қалыптасқан. Көптеген зерттеулерде көптілділіктің ми қыртысына жаттығу ретінде әсер етіп, баланың ойлау қабілеті жүйесінің және сыни көзқарасты жетілдіретіні айтылып жүр. Зерттеліп табылған нәтиже десек те болады. Бұрын қазақ және орыс тілдермен қостілді болып келген болсақ, бүгінгі күнде ағылшын тілінің қосылуы бар. Сонымен қатар көптеген ата-аналардың немесе балалардың өздері қажет ететін үйреніп келе жатқан тілдері бар. Ең алдымен осының қандай позитивті тұстары бар екені жайлы айтайық. Мысалы, гениологиялық тұрғыдан қарасақ, мүлдем жақындығы жоқ басқа мәдениет өкіліменен тікелей аудармашысыз емін – еркін қарым-қатынас жасай аламыз. Бұрын ғылыми жұмыстарды тек қана қазақ және орыс тіліндегі әдебиет көздеріне жүгінетін болсақ, қазір ғылымы әлдеқайда ілгері дамыған шетелдегі мол мағлұматтарға қол жеткізе аламыз. Осы тілдерді меңгерудің арқасында әсіресе, ағылшын тіліне жазылып соншама мол ақпараттарды меңгере аламыз. Сол ақпараттарға сүйене отырып, зерттеу жұмыстарымызға сілтеме жасай аламыз. Яғни ғаламтордағы ағылшын тілін игеру оңай болады. Тілді меңгерген жастар және ғалымдар экономикасы дамыған мемлекеттерге білім алуға бара алады. Сонымен қатар ол жердегі көптеген тәжірибені үйреніп елімізге ұсынуға мүмкіндіктері бар. Мысалы, зерттеу нәтижелерін шетелде 

жоғары халықаралық конференцияларға, конгресстерге, симпозиумдарға шығарып көрсете аламыз. Ешқандай аудармашысыз солардың тілінде еркін сөйлейтін боламыз. Мысалы, бұрын тек қана өзге мәдениеттердің көркем әдебиетін орыс тіліндегі аудармалар арқылы танитын болсақ, қазір түпнұсқасынан оқып таныса алатындай дәрежедеміз. Сондай-ақ, өндірістің қай саласында болмасын ағылшын тілін және басқа да шетел тілін білетін маманның жалақысы да әлдеқайда жоғары болатыны бәрімізге белгілі. Еуропаның BBC спутник телеарналарының бірінен естігенім : жақсы маманданған, өте білімді заманауи IT мамандарын жұмысқа шақыруда 20000 евро деп ұсынып отыр. Яғни Қазақстанмен салыстырғанда бір пәтердің ақысы ғой. 

Мемлекеттік қызметке ана тілімізде еркін сөйлейтін мамандарды ғана қабылдағанымыз дұрыс дегенге қалай қарайсыз? 

- Тіл меңгерген, білімді азамат - жетекші орындарда жүретіні қазірден-ақ белгілі болып отыр. Демек, білімділердің заманы келеді деген уақыт болып тұр ғой. Тек қана ағылшын тіліне қатысты емес, өзге араб , түрік, қытай, француз тілдерін меңгерген адамның ісі оңға басары анық. Жаңа ғана айтып өткен «қанша тіл білсен, сонша адамсың» деген қазақтың сөзін тек қана ағылшын тіліне байланысты айтып отырған жоқпын. Осы күнге дейін «неге мен араб тілін үйреніп алмағанмын?» деген сұрақтар туындамас үшін айтылған сөздер. Өзіміздің құранымызды да, сахи-хадистерімізді де өз тілінде оқысақ қандай ғажап болар еді. Дейтұрғанмен, кеш те болса соған талаптанып жүрген адамдар да бар екенін білеміз. Бұлардың барлығы қажет болғандықтан және өзіміздің тараптан сұраныс туындаған тілдерді бізге үйренуіміз керек болып тұр. 

Көп тіл үйренудің қандай зиянды жақтары бар? 

-Барлық дүниенің екі жақ тұсы бар ғой. Көптілділікті меңгерудің зиянды жақтарын айта кетейін. Мысалы, қандай тілді болмасын меңгеріп алып тастап кетпейсің ғой. Белгілі бір мақсатпен оқығаннан кейін адамның соған өмір бойы уақыты кетеді. Бірінші кезекте, уақытымызды алатын нәрсе. Тілді меңгеру дегеннің сипаты сол тілде ойынды еркін жеткізу көп уақыт талап ететіні рас. Тіл дегенің өзі қызық нәрсе ғой. Кәдімгі спортшы, боксшы дайындалған кезде олар күнделікті жаттығуда болады. Міне, сол секілді тілді меңгерудің үдерісі де спортшының еңбегі сияқты адал еңбекпен келеді. Осының барлығы сол уақытты алады да қаншама дүниелерден құр қаласың. 

Мысалы, адамның басында жұмыс деген көп қой. Осының барлығының орнын алатын тілге дайындық деген нәрсе. Қысқасы, уақыт пен энергияны алып қоятын нәрсе бізге зиян келтіреді. Орыс және шетел тілдерін қоса білудің өзі қазақ тілінің динамикасының дамуына қандай әсері бар. Орыстың алфавиті біздің 42 әріптің ішінде тұрған соң өздерінің сөздерін бізге емін-еркін кіріп кетуіне үлкен жол ашты. Емін-еркін тілімізді жаулап алды ғой. Тек қана тілімізді емес, мәдениетінімізді де жаулап алды десек болады. Қазір үштілділікпен яғни, ағылшын тілінің араласуымен жағдаят бұрынғыдан бетер ауырлап кеткен тәрізді. Ғалымдар тілдерді: әсерлі және әсерсіз деп бөледі екен. Сөздері қысқа айтылатындарды әсерлі тілге жатқызады. Біз қазақ тілімізді агглютинативті, жалғалмалы грамматикалық түрлерін жалғалмалы тәсілмен жасалатын болғандықтан, олардың зерттеулерінде әсерсіз тілдердің қатарында жүргендігі белгілі. Екі әсерлі тілдің қолданысы яғни орыс тілі мен ағылшын тілінің бізге жасап жатқан зиянды жақтары баршылық. Мысалы, осыдан он жыл бұрын «мен ойлаймын» деп ешкім сөйлемейтін. Күнделікті қасымызда жүрген ғалымдардан көріп тұрмыз ғой. «Мен ойлаймын» орыс тілі мен ағылшын тілінің әсерінен туындаған сөз. Өзіміздің «менің ойымша» , «мейлінше» деген әдеби, табиғи қазақшамызды ығыстырып жіберген сынайлы. «Үлкен рахмет» деп айтатын яғни «большое спасибо» деген сөздің баламасы ретінде қолданамыз. Негізінде «көп рахмет» деп айтылады. Үлкен тілдердің жағымсыз әсері салдарынан өзіміздің тілдегі шұрайлы сөздер мен сөз тіркестерін ығыстырып бара жатыр. Айта берсек, өз алдына үлкен бір тақырып болатыны рас. «Маған 18» , «бізге 10 жыл», «жастарды шет тілдеріне оқыту керекпіз» деп айтамыз. Журналистер, ғалымдар жоғарғы қабат адамдары ретінде саналады. Халыққа үлгі ретінде қызмет ететін оқытушылар емес пе? Осы адамдардың тілінде әдеби норма сақталуға тиіс. Басқа тілдердің жағымсыз әсерінен көзге білінбей өзгеріп кетіп бара жатқандығы да содан.  «Жақсы сөз-жарым ырыс» дейді дана халқымыз. Бірақ қазіргі қоғамда қазақ тілі отбасы ошақ қасының тілі болып қалмауы керек! Шұрайлы тіліміздің шырқын қашырып алмайық дейміз. 

Хабарды жүргізген Айнұр Шамшейтова.