Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Құрманай Бақтиярқызы жігіттерді себепсіз гүл сыйлауға шақырды

Құрманай Бақтиярқызы жігіттерді себепсіз гүл сыйлауға шақырды
«8 наурызда немесе туған күнде ғана гүл беретін жігіттерге айтарым бар. Жігіттер бізге себепсіз гүл сыйлаңдар. Өйткені, олар сендердің гүлдерің. Солармен өтеді бақытты күндерің дегім келеді. Мен сөзіммен емдеймін. Жақында Астанада сөз туды: «Себепсіз гүл сыйла» деген. Бұл сөздің әлі әні туға қойған жоқ», - дейді ақын Құрманай Бақтиярқызы.

Еш себепсіз гүл сыйласаң болмайды ма,
Демек біз, демек біз, лайықты емеспіз ба ондайға,
Жай ғана сол, жай ғана сол, кіп-кішкентай көңілді.
Көтеруге шамаң жетсе, өзгертші кеп өмірді.

Гүл сыйлашы, күн сыйлашы бақытты.
Күнделікті жолдан өзгерт бағытты
Еш себепсіз, еш себепсіз гүл сыйлап,
Көлге лақтыр, сусыраған балықты.
Гүл сыйлашы, күн сыйлашы бақытты.
Күнделікті жолдан өзгерт бағытты

Иә, иә, себепсіз, еш себепсіз, шын сүюге болмайды ма?
Демек біз, демек біз, лайықты емеспіз ба ондайға,
Жай ғана сол, жай ғана сол, жұмыр жүрек үшін деп
Еш себепсіз гүл сыйласаң, сені жаның түсінбек.
Гүл сыйлашы, күн сыйлашы бақытты.
Күнделікті жолдан өзгерт бағытты