Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қалампыр гүлінің емдік қасиеттері қандай?

Қалампыр гүлінің емдік қасиеттері қандай?
Қазір заманауи технологиямен бірге шығыстық жүйеде инсульт алған адамдарға ине терапиясын қондырып, оның жансызданған қол аяғын, тіл-аузын қалпына келтірумен бірге денедегі жаман энергетикасын шығару үшін қалампырды қолданады.

Қазақ радиосы «Табиғат және біз» бағдарламасының қонағы - Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Алтын жүрек» және «Сократ» сыйлығының иегері, академик Жасан Зекейұлы қалампыр гүлінің емдік қасиеті жайлы айтып берді.

«Елудегі адам болса, сол жасына қарай елу дана қалампырды қайнаттырып, мидың тұрып қалған тамыр жағына ағызады. 12 жұп, 24 меридиандық жан каналдарды ашуға осы қалампырды жиі пайдаланады. Бұл біздің ата-бабаларымыздың істеткен жолдарында бар. Қазіргі кезде адамдар шайға да салып, ішіп отырады. Асқазан жарасына көмегі зор. Негізі ұсақ құрттардың көбін осы қалампырмен тазартады».