Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қылыштың атын ырымдап, өзіме лақап ат қылып қойдым

Қылыштың атын ырымдап, өзіме лақап ат қылып қойдым
Төрткүл дүниеге танымал спорт майталмандарының дене бітімдері мен мінез құлықтары басқа да өзгешеліктеріне сай өз лақап аттары бар. “Алматы түні” бағдарламасының қонағы “Алаш прайд” клубының белді өкілі Асу Алмабаевтің де лақап аты елден ерекше.
"Менің өзімнің лақап атым бар. Кітапты жиі оқимын. Бірде Пайғамбарлар жайлы кітап оқып отырып, бір жаныма жаққан  оқиға болды. Сол оқиға ортасынан “Зульфикар” деген қылыштың есімін оқыдым. Ол қылыш Пайғамбарымыздың қылышы болған. Тағы бір ерекшелігі - ол қылышпен ешкім жеңіліс таппаған делінеді. 
Енді қазақ болғаннан кейін сол қылыштың атын ырымдап, өзіме лақап ат қылып қойдым. Содан 2-3 жыл көлемінде Асу Зульфикар Алмабаев болып шығып жүрмін – дейді спортшы.