Авраам Линкольн өмірінен 12 дерек

Америка мемлекет қайраткері, АҚШ-тың 16-шы Президенті (1861-1865) және Республикалық партиядан американдық құлдарды бірінші азат етуші, Америка халқының ұлттық батыры - Авраам Линкольннің бүгін туған күні. Сол туралы бірқатар фактілерді келтіре кетуді жөн санадық.
- Линкольн президенттікке дейін, 18 рет сайлауда жеңіліс тапты.
- Ол өте биік адам болды. Бойының ұзындығы – 193 см екен. Оның биік қалпағы бойын одан сайын ұзартты. Шляпаны ол бір жағынан мода ретінде кисе, екінші жағынан ол қалпағын маңызды құжаттар мен ақшаны сақтауға қолданыпты.
- Президент тек саясаткер ғана болған жоқ, мықты сықақшы да болды. Бір дипломат: «Линкольн мырза, аяқ киіміңізді өзіңіз тазалайсыз ба?» деп сұрапты. Сонда ол: «Әрине, ал сіз кімнің аяқ киімін тазалайсыз?», - деп сұрақты сұрақпен қайырған екен.
- Линкольн өте ақылды, парасатты және сөздерге шебер болған. Көпшілік президентті 1856 жылы Иллинойсте сөйлеген сөзінен шешендік қырынан таныды. Сонымен қатар, оның көптеген жазбалары халық арасында кеңінен танымал.
- Линкольннің сүйікті спорты – қораз төбелестіру.
- Авраам өз жазбаларында ;) смайлик түріндегі тыныс белгілерді жиі қолданған. 2004 жылы компания қызметкерлері ескі жазбаларды көшіру барысында осындай деректерге кезіккен. Зерттеушілер бұл қолданысты жаңылыс жазба немесе көнерген тыныс белгі деген болжам айтты.
- Авраам Линкольн президенттік мансапқа келгелі елдегі мұсылмандарға қарсы қысымды тоқтатқан бірден-бір адам. Авраам елдегі нәсілшілдік кесірін жою үшін түрлі тетіктер іздеп, нәтижесінде ақ пен қара нәсілділердің бейбіт өмір сүруіне ықпал еткен басшы.
- Авраам Линкольн діни ұстанымын нақты білдірмесе де оның жасаған игі амалдары, зұлымдыққа қарсы болды. Сонымен қатар, әділдіктің жалауын желбіретті.
- Көпшілік Линкольннің бойында мистикалық қабілеттің барына сенді. Себебі, бұл құбылыс әсіресе өмірінің соңында байқала бастаған. Ол өзінің өлетін күнін және қалай өлетінін білген. Өмірден өтетіннен бір апта бұрын, Линкольн түс көргенін жария етіпті. Ақ үйдің бөлмесінде қатты дауыспен айғайлап жылаған жамағаттың дауысын естиді. Сол бөлмеге барса, табытқа тап болады. Жиналған жұрттан кім өлгенін сұрағанда, олар президенттің өмірден өткенін хабарлаған. Табытқа иіліп қарағанса, өзінің көшірмесін көреді.
- Президент 1865 жылы Джон Уилкс Бут театрында қайтыс болды. Тағдыр тәлкегі де сол болар, ол өзін өлтірген қылмыскердің төсегінде жан тапсырады.
- Линкольннің денесі 17 рет қайта жерленген. Бұл қауіпсіздік немесе қабірді қалпына қайта келтіру мақсатында жасалған.
- Президент қайтыс болғанынан кейін 36 жыл өткенде ғана, табытына тыныштық орнайды. Линкольннің елесі Ақ үйге жиі келеді деген сенім бар.