Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

YouTube туралы қызықты ақпараттар

YouTube туралы қызықты ақпараттар
Осыдан 13 жыл бұрын, 14- ақпанда «YouTube» видеожелісі АҚШ-тың Калифорния штаты құрылған екен. Жобаның негізін қалаған С.Чен, Ч.Херли, Д.Карим. Олар берілетін бейнефайлдар көлемінің төмендігіне қарамастан, жазбаның сапалы болуына мүмкіндік беретін Flash Video технологиясын қолданды. Осылайша, қолдануға ыңғайлы және қарапайымдылығының арқасында «YouTube» қолданушылар саны бойынша әлемдегі ең танымал сайтқа айналды. Ең алғашқы видео 2005 жылдың 23 сәуірінде жүктелген екен. Енді «YouTube» жайында мынадай 15 ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз:

1. Youtube видеохостингінің негізін салушылар өз жобасын бастар алдында Paypal компаниясында жұмыс істеген.
2. Youtube домені 2005 жылы 15 ақпанда тіркелген. Тіркелгендердің 70 пайызы АҚШ азаматтары, ал 50 пайызы жасы жиырмаға толмағандар. Сондай-ақ АҚШ Youtube-қа видео салу бойынша көш бастап тұр. Екінші болып тізгінді Ұлыбритания алған. Ең көп көрілімдер бойынша да АҚШ, сосын Жапония - бірінші. 
3. Егер Youtube Голливуд кинокомпаниясы болғанда оның аптасына 60 мың жаңа фильм шығаруға материалы жетер еді.
4. Егер Youtube-қа соңғы екі ай көлемінде салынған видеоларды дайындау үшін оларды NBC, ABC, CBS (АҚШ) телеарналарына берсе, 1948 жылдан бастап демалыссыз жұмыс істеулеріне тура келер еді.
5. Youtube-тің қазіргі интернет трафигі 2000 жылғы бүкіләлемдік интернет трафигімен бірдей.
6. Youtube видеохостингіндегі барлық видеоларды көріп шығу үшін сізге 1000 жыл қажет болады. Ал оған дейін видеолар саны миллиардтан асып кететіні сөзсіз.
7. Youtube-тағы ең әйгілі айдар – Музыка. Ол хостингтің 20 пайызын қамтып отыр.
8. Youtube тарихындағы алғашқы салынған видео "Мен хайуанаттар бағындамын" деп аталады. Ол 2005 жылы 23 сәуірде салынған.
9. Youtube арқылы күн сайын көрілетін видеолар саны 2 миллиардтан асады.
10. Google Youtube компаниясын 2006 жылы 1,65 миллиард АҚШ долларына сатып алды.
11. Youtube-қа түскен алғашқы орыс тілді видео 2007 жылы тіркелген. Ол Петр Наличтің "Гитар" әніне түсірілген бейнетаспа болатын.
12. 2007 жылдың 13 наурызында «Viacom» компаниясы Youtube-тағы авторлық құқықтардың бұзылып жатқандығына қатысты Google компаниясын сотқа береді. Нью-Йорк штаты Оңтүстік округінің федералды соты арызды толықтай дұрыс деп табады. Ақыры Google Youtube-қа қатысты жеке ақпараттарды ұсынып отыруға міндетті болады.
13. Youtube-та жұлдыз болған адамдар ғаламтордан тыс әлемде де жұлдызға айналды. Мысалы, канадалық Джастин Бибер өзінің видеолары арқасында дыбыс жазушы компаниямен қымбат келісім шартқа қол жеткізеді. Оның ән айтқан видеоларын Youtube-қа анасы салған екен.
14. 2014 жылдың сәуір айына қатысты статистикалық ақпаратқа орай, Youtube-қа әр минутта 35 сағаттық видео жүктеледі екен. Ал күніне 50 400 сағаттық. "Өшірілген" деп көрсетілген видеолар, шын мәнінде, өшпеген болады. Deleted YouTube Video Viewer деген атауға ие қосымша арқылы өшірілген видеоларды көруге болады.
15. 2009 жылдың наурызында Қытай өкіметі өз территориясында YouTube видеохостингін жауып тастады. Оған YouTube-қа жарияланып кеткен Қытай әскерлерінің тибеттік монахтар мен өзге Тибет тұрғындардың ұрып жатқан видеосы себеп болған.