Астана маңындағы бірегей демалыс орны

Астана маңында көп болмаса да, қысқы демалыс орындары бар. Соның ішінде келген қонақтардың бар талаптарына жауап беретін демалыс орындарының бірі – «Балқарағай» отбасылық демалыс орны.
2008 жылы құрылған бұл демалыс орны жайқалған орманның ортасында орналасқандықтан, жылдың төрт мезгілінде де саф таза ауасымен ерекшеленеді. Демалыс кешені жүздеген адамды сыйғызатын үлкен хаус, мейрамхана, банкет залы, бөренеден салынған қонақ үйлер мен этноауылдан тұрады. Қыс кезінде бұл кешенге келсеңіз 17 метрлік сырғанақта сырғанап, коньки теуіп, сноубордпен секіріп немесе омбы қарда автокөлікпен серуендеп, бой жазуға болады. Сондай-ақ шанаға ат, ит немесе бұғы жегіп, балалардың есінде қалар әдемі уақыт өткізуге болады. Бұдан бөлек хайуанаттар бағы мен тау шаңғы мектебі бар.
Айта кетейік, отбасылық кешенде конькиді бір сағатқа тебу – 1000 тг, ат немесе бұғыны жегіп, серуендеу – 2000 тг, ит жегу – 3000 тг, хайуанаттар бағына кіру ерсектерге – 1000 тг, балаларға – 500 тг, моншаның 1 сағаты – 6000 тг, қонақ үйдің ең арзанын 1 күнге жалдау – 26000 тг.