Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Рысдаулетовтер Өркен квинтеті – Өсиет тілек

Рысдаулетовтер Өркен квинтеті – Өсиет тілек
Иә, Алла саған бас ұрам,
Батамды менің қабыл ет.
Бейнеті кетпес басынан,
Біз қазақ деген халық ек.
Ей, шіркін екі дүниеде, 
Елімнің жүзін жарық ет.
Береке-бірлік бері кел,
Бəлең мен жала ары кет.

Елімді даудан сақта!
Жерімді жаудан сақта!
Имансыз ұлдан сақта!
Ұятсыз қыздан сақта!

ҚАЙЫРМАСЫ
Ей-е егемен еркін халық қазақ бүгін,
Ей-е атыңнан айналайын азаттығы.
Ей-е қалғанша жер бетінде жалғыз қазақ,
Ей-е мың жаса мəңгі жаса қазақ тілі.

2. Үш жүзге жеті атаға,
Бөлінбе алты алашым.
Тараған жалғыз атадан,
Сен қазақ деген баласың.
Біріңе бірің бауырсың,
Біріңе бірің ағасың.
Тірлікте бірге болыңдар,
Өлген соң жалғыз қаласың.

Тəңірім нəсіп қылсын,
Жолыңды ашық қылсын.
Ішінде мың адамның,
Айбының асып тұрсын.

Қайырмасы: