Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Айналамда мейрімді адамдар өте көп - Роза Мұса

Айналамда мейрімді адамдар өте көп - Роза Мұса
Шымкент қаласынан келген, қоларбаға таңылса да 12 мүшесі сау талай жанға үлгі болып жүрген, ешқашан қабағын кір шалмайтын, тек, жарқырап, күліп жүретін, көптеген қайырмдылық шараларына үлес қосып келген қазақтың қайсар қызы, әнші Роза Мұса Қазақ радиосының «Жан жылуы» бағдарламасында қонақта.
​​​
Роза - Шымкент қаласында Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияның әншісі. Оның айтуынша, әншінің еңбегін бағалайтын да, әншіні көтеретін де - халық. Сондықтан сахнадағы халықтың ықыласын, ризашылығын сезінгеннен артық бақыт жоқ деп есептейді.
«Негізі, жүріп - тұру маған оңай болмайды. Бірақ, оған мән бере бермеймін. Себебі, айналамда мейрімді адамдар өте көп. Солар маған күш береді. Өзім қоларбада көп отырғаннан ба, күле амандасудың өзі сауап деймін де, қасымнан өтіп бара жатқан адамдарға жымия сәлемдесіп, көмектесіп жіберуін сұраймын. Адамдар екі сөзге келмей жүгіріп келеді. Біздің қоғамымызда пейілі кең, ақжүрек адамдар жетерлік»,-дейді қайсар қыз.
Еске сала кетсек, бүгін 19:00 де Қазақ радиоларының ұйымдастыруымен Астана қаласындағы «Қазақстан» ОКЗ-да «Мың алғыс» концерті өткелі жатыр. Жобаның мақсаты - қоғамның аз қамтылған, көмекке мұқтаж, тағдыр жолында бір-бірінен ажырап қалған жандарға қол ұшын созуға бағытталған. Кеш барысында залға «қайырымдылық жәшігі» қойылмақ. Онда жиналған қаражат жарық дүниені сезбей туған 1 жасар Арманның еміне табыс етіледі. Концертті «Ақ отау»,«Жан жылуы», «Бармысың, бауырым?» бағдарламаларының тізгіншілері жүргізеді. Кеште Қарақат Əбілдина, Жұбаныш Жексенұлы, Елена Əбдіхалықова, Маржан Арапбаева,  т.б. эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.